https://sputnik.kz/20230207/erdogan-turkiyada-7-kundik-zhalpyulttyq-aza-tutu-zhariyalady-31824820.html
Ердоған Түркияда 7 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялады
Ердоған Түркияда 7 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің 3 мыңнан астам азаматының өмірін қиған жер сілкінісіне байланысты жеті күндік аза тұту... 07.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-07T07:49+0500
2023-02-07T07:49+0500
2023-02-07T07:49+0500
әлем
режеп тайип ердоған
түркия
аза тұту
https://sputnik.kz/img/07e7/02/06/31808627_0:35:1892:1099_1920x0_80_0_0_6b4f7abce32e3bf49ce8dbc747f6e3e3.jpg
АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің 3 мыңнан астам азаматының өмірін қиған жер сілкінісіне байланысты жеті күндік аза тұту күнін жариялады.Дүйсенбі күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 балдық жер сілкінісі болды, деді Ердоған. Бұл 1939 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі. Соңғы мәліметтер бойынша, 2 921 адам қаза тауып, 16 мыңға жуық адам жарақат алған. Сондай-ақ Сирияның бірнеше аймағында зардап шеккендер бар. Жер сілкінісі Ливан астанасы Бейрутта да сезілген. Сирияда қазіргі уақытта құрбандар саны 700-ден асады, 1,5 мыңға жуық адам зардап шекті. Дүйсенбі күні түстен кейін тағы бір жер сілкінісі болды - түрік сейсмологтарының мәліметінше, магнитудасы 7,6.Тоқаев шұғыл көмек көрсетуді тапсырдыКеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты.Жақын арада Түркия үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/06/31808627_190:0:1702:1134_1920x0_80_0_0_96d6ae0a977245e080698530fd67cd09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
режеп тайип ердоған, түркия, аза тұту
режеп тайип ердоған, түркия, аза тұту
АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің 3 мыңнан астам азаматының өмірін қиған жер сілкінісіне байланысты жеті күндік аза тұту күнін жариялады.
"Елде жеті күндік аза тұту жарияланды. 12 ақпан күн батқанға дейін бүкіл елде және шетелдік өкілдіктерде Түркия туы төмен түсіріледі", - деп жазды Ердоған телеграм-каналында.
Дүйсенбі күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 балдық жер сілкінісі болды, деді Ердоған. Бұл 1939 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі. Соңғы мәліметтер бойынша, 2 921 адам қаза тауып, 16 мыңға жуық адам жарақат алған.
Сондай-ақ Сирияның бірнеше аймағында зардап шеккендер бар. Жер сілкінісі Ливан астанасы Бейрутта да сезілген. Сирияда қазіргі уақытта құрбандар саны 700-ден асады, 1,5 мыңға жуық адам зардап шекті.
Дүйсенбі күні түстен кейін тағы бір жер сілкінісі болды - түрік сейсмологтарының мәліметінше, магнитудасы 7,6.
Тоқаев шұғыл көмек көрсетуді тапсырды
Кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.
Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты.
Жақын арада Түркия үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.