https://sputnik.kz/20230207/qazaqstan-turkiyaga-darigerlerdi-zhiberui-mumkin--densaulyq-ministri-31849632.html
Қазақстан Түркияға дәрігерлерді жіберуі мүмкін – денсаулық министрі
Қазақстан Түркияға дәрігерлерді жіберуі мүмкін – денсаулық министрі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі жойқын жер сілкінісі болған Түркияның денсаулық сақтау министрлігімен тікелей байланыста. 07.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-07T13:53+0500
2023-02-07T13:53+0500
2023-02-07T13:59+0500
дәрігер
денсаулық
https://sputnik.kz/img/07e7/01/12/31241726_0:208:3067:1933_1920x0_80_0_0_17bfecc27d270e33b239c40434fc37fa.jpg
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі жойқын жер сілкінісі болған Түркияның денсаулық сақтау министрлігімен тікелей байланыста. "Біз бірінші кезекте табиғи апаттан зардап шеккендерге медициналық және дәрілік көмек көрсетуге дайын екенімізді білдірдік. Қазір құрамында Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар құтқарушылар жасағы Түркияға ұшып кетті", - деп жазды денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният әлеуметтік желідегі парақшасында. "Егер Қазақстан тарапынан медициналық көмекті күшейту қажет болса, Түркияның зардап шеккен аудандарына жіберілетін дәрігерлер бригадасы жасақталды", - деді ол. Ажар Ғиният атап өткендей, Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің ауқымы мен көптеген адам шығыны бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 балға жеткен жер сілкінісі болды. Біраз уақыттан кейін жер дүмпуі қайталанды. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда 3,3 мыңнан астам адам қаза тауып, 20 мыңнан астамы жараланған.
https://sputnik.kz/20230207/erdogan-turkiyada-7-kundik-zhalpyulttyq-aza-tutu-zhariyalady-31824820.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/12/31241726_108:0:2837:2047_1920x0_80_0_0_34b2a3a18b20e2306484b44470509ab2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер
Қазақстан Түркияға дәрігерлерді жіберуі мүмкін – денсаулық министрі
13:53 07.02.2023 (жаңартылды: 13:59 07.02.2023) АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі жойқын жер сілкінісі болған Түркияның денсаулық сақтау министрлігімен тікелей байланыста.
"Біз бірінші кезекте табиғи апаттан зардап шеккендерге медициналық және дәрілік көмек көрсетуге дайын екенімізді білдірдік. Қазір құрамында Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар құтқарушылар жасағы Түркияға ұшып кетті", - деп жазды денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Егер Қазақстан тарапынан медициналық көмекті күшейту қажет болса, Түркияның зардап шеккен аудандарына жіберілетін дәрігерлер бригадасы жасақталды", - деді ол.
Ажар Ғиният атап өткендей, Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің ауқымы мен көптеген адам шығыны бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.
"Медицина қызметкерлері табиғи апат салдарынан қаза тапқан азаматтарды тату түрік халқымен бірге аза тұтады. Үйінді астында қалған адамдардың тезірек құтқарылуын, жаралылардың сауығып кетуін және қираған қалалардың қалпына келуін тілейміз", - деп жазды министр.
Дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 балға жеткен жер сілкінісі болды. Біраз уақыттан кейін жер дүмпуі қайталанды. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда 3,3 мыңнан астам адам қаза тауып, 20 мыңнан астамы жараланған.