Өңірлер

Таразда трансформатор жанында ойнап жүрген кішкентай баланы тоқ соқты

© Sputnik/Ляля ЛиловаЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 ақпан - Sputnik. Тараз қаласында трансформатордың жанында ойнап жатқан кезде 2018 жылы туған баланы тоқты. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқиға Абдуллин көшесінің бойында болған. Бала ересектердің қарауынсыз жүрген.
Министрлік тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды:
трансформаторлы шағын станциялар және электр жеткізу желілерінің жанында ойын ойнауға болмайды;
электр желілік құрылыс аумағына кіруге, электр қондырғылардың, электр күш беретін орынжайлардың есігін ашуға болмайды
жақын жерде электр жеткізу желісі өтетін үйлер мен құрылыстардың төбесіне, ағашқа, теміржол вагондарына және басқа да нысандарға шығуға болмайды.
Архивное фото человека в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2022
Пиццерияда қызды тоқ соқты: полиция жұмыс берушіні қамауға алды
Жаңалықтар
0