Пиццерияда қызды тоқ соқты: полиция жұмыс берушіні қамауға алды

© AP Photo / Martin MejiaАрхивное фото человека в наручниках
Архивное фото человека в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Полиция пиццерияда қыздың қаза болу фактісі бойынша жұмыс берушіні қамауға алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Парсы тілінің аудармашы-маманының қатысуымен тергеушілер барлық қажетті процессуалдық іс-әрекетті жүргізді.
Күдікті Пәкістан азаматы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Электр-техникалық сараптама нәтижесі шыққаннан кейін іс сотқа жолданады.
Еске сала кетейік, шілде айының басында 15 жастағы қыз жұмыс орнында қайтыс болғаны туралы полицияға арыз түсті. Ата-анасының айтуынша, оны тоқ соққан.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Қылмыстық кодексінің 156-бабы (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркеген. Сараптамалар тағайындалды.
Қылмыстық іс аясында күдікті шетелдік азамат, нақтырақ айтқанда пәкістандық болғандықтан тергеу амалдары біршама уақытты алды.
Жаңалықтар
0