Денсаулық

Сұлу боламын деп бар сұлулығынан айырылды: 20-дан астам әйел министрлікке шағымданды

CC0 / pixabay.com / Уколы красоты
Уколы красоты - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 ақпан - Sputnik. Қазақстанда былтыр пластикалық хирургия жасатқан 24 адам денсаулық сақтау министрлігіне шағымданған.
Ең көп шағым Шымкент пен Алматы қаласы мен Қарағанды, Маңғыстау және Қостанай облыстарынан түскен, деп хабарлайды Astana.tv.
Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, ведомствоның мұндай сұлулық салондарын тексеруге заңды құқы жоқ. Адамдар мұндай сұлулық орындарына барғанда нақты дәрігер – маманға жүгінгеніне көз жеткізіп алу керек.
"Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бар. Біріншіден, санитарлық ережелерге сәйкес келетін бөлменің болуы, екіншісіден, сертификатталған мамандардың болуы қажет. Бұл "дерматовенерология, дерматокосметология" мамандығы бойынша медициналық білімі бар медицина қызметкері болуы керек", - деп түсіндірді медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басқарма басшысы Әсем Мергенбаева.
Былтыр елорданың 22 жастағы тұрғыны ерін жасатамын деп аллергия болған. Салдарынан "квинке" ісігі болған. Жәбірленушінің айтуынша, косметологқа бірнеше рет жүгінген, бірақ мұндай келеңсіздік бірінші рет болған. Астаналық әйел өз басынан өткен жағдайды әлеуметтік желілерде бөліскен.
"Екі рет Квинке ісігі түрінде аллергия болды. Тіпті дәрігердің өзі мені танымай қалды. Көз, мұрын, құлақ, ернім ісіп, тыныс ала алмай қалдым. Қыздар, өзіңізді қорғаңыз және сырт келбетіңізді өзгертемін деп арандап қалмаңыздар. Сіздер онсыз да әдемісіздер", - деп жәбірленуші көпшілікке кеңес берді.
Өкініштісі, сұлу боламын деп, сұлулығынан айрылғандар саны жетіп артылады.
Косметологтардың өздері білікті маман сұлулық процедурасы жасамай тұрып, клиенттен жалпы қан анализін сұрайтынын айтады. Сондай-ақ мамандар косметологты мұқият таңдауға кеңес береді: бірінші кезекте оның мамандандырылған білімі бар екеніне көз жеткізу керек, содан кейін барлық құралдың стерильді екенін тексеріңіз.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2022
Сұлу қыздың атынан хат жазған жігіт қарағандылықты 350 мың теңгеге алдап кетті
Жаңалықтар
0