Сұлу қыздың атынан хат жазған жігіт қарағандылықты 350 мың теңгеге алдап кетті

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Қарағанды тұрғыны сұлу қызбен хат жазысып, фотосын алғаннан кейін 350 мың теңгесін жібере салған. Бірақ "сүйіктісі" кездесуге келмеген. Содан кейін ғашық жігіт полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
33 жастағы қала тұрғыны қызға алданып, біраз ақшасынан айырылғанын жазды. Екеуі интернет арқылы танысқан. Артынан кездесуге келіскен. Ал фотосын алғаннан кейін жақын танысуға деген ынтасы күшейе түскен. Бірақ сұлу қыз кездесуге асықпайды. Алдымен қажетті киім-кешек және тағы басқа дайындыққа ақша керектігін айтқан. Сосын ақша жіберуді өтінген. Фотодағы қызға ғашық болған жігіт бірден 350 мың теңгесін жібере салады. Ақша кеткен бойда жаңа танысы байланысқа шықпай қойған.
Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 28 жастағы ер адам ұсталды. Ол сұлу қыздың атынан хат жазысқанын мойындады.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетері, бұл қылмыс үшін 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 180 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
Жаңалықтар
0