https://sputnik.kz/20230203/sqo-da-turmede-bolgan-zhagdaydan-keyin-basshylyq-zhumystan-quyldy-31723019.html
СҚО-да түрмеде болған жағдайдан кейін басшылық жұмыстан қуылды
СҚО-да түрмеде болған жағдайдан кейін басшылық жұмыстан қуылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы түрмеде болған жағдайдан кейін мекеме басшысы мен оның орынбасары қызметінен босатылды, деп... 03.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-03T12:25+0500
2023-02-03T12:25+0500
2023-02-03T12:32+0500
өңірлер
түрме
басшы
https://sputnik.kz/img/07e5/06/01/17219583_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_f18d086913aac51f7dd00b88d1344bcc.jpg
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы түрмеде болған жағдайдан кейін мекеме басшысы мен оның орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап. Былтыр қараша айында қамауда отырған ер адам өзге сотталғанды басынан балтамен бірнеше рет ұрған. 46 жастағы ер адам аудандық ауруханаға шұғыл жеткізілді. Бірақ сол жерде есін жимастан қайтыс болды. Ал 27 жастағы жігітке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша іс қозғалды. Қадағалаушы орган басшыларды жазалау туралы ұсыныс енгізді. Соның нәтижесінде түрме басшысы мен орынбасары қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, бес қызметкер әртүрлі қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Айта кетері, төтенше жағдай Новоукраинка ауылында орналасқан №51 мекемеде болған. Бір аптадан кейін облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Рустан Ахметжанов қызметінен босатылды. 17 қарашада оның орнына полицияның генерал-майоры Берік Біләлов келді.
https://sputnik.kz/20221221/terrorizm-sottalgan-astanalyq-politsiya-30511023.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/01/17219583_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_5d701bf42dbd8591857eadf4bdf4525a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түрме, басшы
СҚО-да түрмеде болған жағдайдан кейін басшылық жұмыстан қуылды
12:25 03.02.2023 (жаңартылды: 12:32 03.02.2023) АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы түрмеде болған жағдайдан кейін мекеме басшысы мен оның орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Былтыр қараша айында қамауда отырған ер адам өзге сотталғанды басынан балтамен бірнеше рет ұрған. 46 жастағы ер адам аудандық ауруханаға шұғыл жеткізілді. Бірақ сол жерде есін жимастан қайтыс болды.
Ал 27 жастағы жігітке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша іс қозғалды.
"Мұндай аса ауыр қылмыс жасауға түрмеде мүлдем бақылаудың болмауы себеп болды", - дейді облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов.
Қадағалаушы орган басшыларды жазалау туралы ұсыныс енгізді. Соның нәтижесінде түрме басшысы мен орынбасары қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, бес қызметкер әртүрлі қатаң тәртіптік жазаға тартылды.
Айта кетері, төтенше жағдай Новоукраинка ауылында орналасқан №51 мекемеде болған.
Бір аптадан кейін облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Рустан Ахметжанов қызметінен босатылды. 17 қарашада оның орнына полицияның генерал-майоры Берік Біләлов келді.