https://sputnik.kz/20221221/terrorizm-sottalgan-astanalyq-politsiya-30511023.html
Шариғат орнатқысы келген: 15 жылға сотталған астаналықтың кім екені белгілі болды
Шариғат орнатқысы келген: 15 жылға сотталған астаналықтың кім екені белгілі болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Астанада теракті жасауға және билікті күшпен басып алуға дайындалған ер адамға қатысты тың дерек жарияланды. 21.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-21T16:46+0500
2022-12-21T16:46+0500
2022-12-21T16:48+0500
қоғам
астаналық
полиция
https://sputnik.kz/img/1255/61/12556129_0:0:2048:1152_1920x0_80_0_0_f944279ca5317cde0b61fffce374b088.jpg
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Астанада теракті жасауға және билікті күшпен басып алуға дайындалған ер адамға қатысты тың дерек жарияланды.Қалалық соттың мәліметінше, 15 жылға сотталған ер адам – ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкері.Ш.есімді азаматқа Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Ол Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған уағызшылардың діни дәрістерін тыңдап, зерделеген.Сотта Ш. өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда радикалды ағымды ұстанатынын жоққа шығармады және өзін ақтауды өтінді.Сот оның кінәсі мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды анықтамады, есесіне қабылдаған антты бұзу ауырлататын мән-жай деп танылды.Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотының үкімімен Ш. 15 жылға бас бостандығынан айырылды.Сотталушы мен оның адвокаты үкімге шағым түсірген. Алайда апелляциялық инстанция Ш.-ға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.Сот үкімі заңды күшіне енді.Бұған дейін ҰҚК Астана қаласында лаңкестікке дайындалған ер адам 15 жылға сотталғанын хабарлаған болатын.
https://sputnik.kz/20221221/astanalyq-terakt-zhasamaq-bolgan-30502420.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/61/12556129_256:0:1792:1152_1920x0_80_0_0_ae38ee05a18f417ba9298ec60b9d343d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астаналық, полиция
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Астанада теракті жасауға және билікті күшпен басып алуға дайындалған ер адамға қатысты тың дерек жарияланды.
Қалалық соттың мәліметінше, 15 жылға сотталған ер адам – ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкері.
Ш.есімді азаматқа Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Ол Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған уағызшылардың діни дәрістерін тыңдап, зерделеген.
"Ш. ішкі істер органдарының қызметкері ретінде қабылдаған антты бұзып, билікті күшпен басып алу және елдің конституциялық құрылымын өзгертуге бағытталған қылмыстың соңына түскен. Жақтаушыларын іздеп, радикалды террористік идеяларын насихаттаған, куәгерлерді 2022 жылғы 17 мамырда Астанада заңсыз митингке қатысуға үндеген. Содан кейін шет мемлекеттің елшілігі мен мемлекеттік органның ғимаратында лаңкестік жасап, жаппай тәртіпсіздіктерге арандатып, елде билікті күшпен басып алуды және шариғат орнатуды жоспарлаған", - делінген сот хабарламасында.
Сотта Ш. өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда радикалды ағымды ұстанатынын жоққа шығармады және өзін ақтауды өтінді.
Сот оның кінәсі мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды анықтамады, есесіне қабылдаған антты бұзу ауырлататын мән-жай деп танылды.
Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотының үкімімен Ш. 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушы мен оның адвокаты үкімге шағым түсірген. Алайда апелляциялық инстанция Ш.-ға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Бұған дейін ҰҚК Астана қаласында лаңкестікке дайындалған ер адам 15 жылға сотталғанын хабарлаған болатын.