Нұрлан Мәсімовтің қылмыстық ісін басқа судья қарайды

© Photo : Пресс-служба КНБ РКНұрлан Мәсімов
Нұрлан Мәсімов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2023
Жазылу
Бірінші судья істі қараудан өз еркімен бас тартты, себебі оның туысы тергеу жүргізіп жатқан жедел-тергеу тобының құрамында болды
ПАВЛОДАР, 3 ақпан – Sputnik. Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы аймақтың полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовке, оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовке және кәсіпкер Евгений Евковичке қатысты іс бойынша мемлекеттік айыптаушының Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы бойынша жеке талапарызын қарады.
Сот алқасы сотталушыларға қатысты қылмыстық істі қабылдаған судьяның жиені іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жедел тергеу тобына қатысқанын анықтады.
Сондай-ақ іс материалдарында оның қатысуымен қабылданған іс жүргізу құжаттары бар. Бірақ ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 1-бөлігінің 5-тармағына сәйкес судья тергеушінің немесе анықтаушының туысы болса, онда ол істі қарауға қатыса алмайды.
Осыған байланысты істі қарауға тиіс судья бұл істі қараудан бас тарту туралы мәлімдеді және сот алқасы өтінішті қанағаттандырды.
Сотталушылар Н.М.Мәсімов, Д.Ш.Сиразидимов, Е.В.Евковичке қатысты қылмыстық іс басқа судьяның қарауына жіберілді.
Экс-полицейлерге 366-баптың 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде пара алу") және 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы ("Аса ірі мөлшерде өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру") бойынша айып тағылып отыр.
Сонымен қатар Мәсімов 392-баптың 1-бөлігі ("Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту") бойынша айыпталып отыр.
Кәрім Мәсімов   - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2023
Мәсімов жергілікті басшыларға қандай тапсырма берді
Жаңалықтар
0