https://sputnik.kz/20230105/masimov-zhergilikti-basshylarga-qanday-tapsyrma-berdi-30868933.html
Мәсімов жергілікті басшыларға қандай тапсырма берді
Мәсімов жергілікті басшыларға қандай тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшылары жергілікті департаменттерге қандай... 05.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-05T10:29+0500
2023-01-05T10:29+0500
2023-01-05T10:29+0500
кәрім мәсімов
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/1263/73/12637379_0:130:3179:1918_1920x0_80_0_0_1c68c721f6e05cd1302e7b341845d22c.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшылары жергілікті департаменттерге қандай тапсырма бергенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Былтыр қаңтардың басында жаппай тәртіпсіздіктер шарықтау шегіне жеткенде бірқатар күш құрылымы, соның ішінде, Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамы бәрін тастап, кетіп қалған."Тергеу мәліметі бойынша 5 қаңтарда жеке құрамға ғимараттан кетуге дайын болу қажеттігі туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Садықұловтан нұсқау келіп түскен. Мәсімовтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысының ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орнын тастап кеткен. Сондай-ақ басшылықтың нұсқауы бойынша Алматы мен Жамбыл облысының полиция департаменттері өз ғимаратын тастап кетіп қалған", - деді Асылов мәжілістің жалпы отырысында.Бас прокурордың айтуынша, сол кезде өңірлік департаменттердің басшылары әлсіздік танытты. Соның салдарынан жеке құрамның рухы басылған."Тәртіпсіздіктердің жолын кесу бойынша шаралар уақытылы қабылданған жоқ, салдарынан Алматы мен Талдықорған екі күн бойы қарулы содырлардың билігінде болды. Олар қару-жарақтың үлкен арсеналын – 3 мыңға жуық автомат, тапанша, винтовка және 10 мыңнан астам оқ-дәріні ұрлап кетті. Яғни, осы басшылардың кесірінен ең қауіпті атыс қаруы бүлікшілердің қолына түсті ", - деп атап өтті Асылов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1263/73/12637379_224:0:2955:2048_1920x0_80_0_0_df5529affc313251b5a15d8a6773e5f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәрім мәсімов, қаңтар оқиғасы
кәрім мәсімов, қаңтар оқиғасы
Мәсімов жергілікті басшыларға қандай тапсырма берді
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшылары жергілікті департаменттерге қандай тапсырма бергенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Былтыр қаңтардың басында жаппай тәртіпсіздіктер шарықтау шегіне жеткенде бірқатар күш құрылымы, соның ішінде, Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамы бәрін тастап, кетіп қалған.
"Тергеу мәліметі бойынша 5 қаңтарда жеке құрамға ғимараттан кетуге дайын болу қажеттігі туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Садықұловтан нұсқау келіп түскен. Мәсімовтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысының ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орнын тастап кеткен. Сондай-ақ басшылықтың нұсқауы бойынша Алматы мен Жамбыл облысының полиция департаменттері өз ғимаратын тастап кетіп қалған", - деді Асылов мәжілістің жалпы отырысында.
Бас прокурордың айтуынша, сол кезде өңірлік департаменттердің басшылары әлсіздік танытты. Соның салдарынан жеке құрамның рухы басылған.
"Тәртіпсіздіктердің жолын кесу бойынша шаралар уақытылы қабылданған жоқ, салдарынан Алматы мен Талдықорған екі күн бойы қарулы содырлардың билігінде болды. Олар қару-жарақтың үлкен арсеналын – 3 мыңға жуық автомат, тапанша, винтовка және 10 мыңнан астам оқ-дәріні ұрлап кетті. Яғни, осы басшылардың кесірінен ең қауіпті атыс қаруы бүлікшілердің қолына түсті ", - деп атап өтті Асылов.