https://sputnik.kz/20230203/artyq-salmaq-arylu-ushin-qanday-tagamdar-paydaly-dietolog-31710619.html
Диетолог артық салмақтан арылуға пайдалы тағамдарды атады
Диетолог артық салмақтан арылуға пайдалы тағамдарды атады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Диета мәзіріне кейбір майлы өнімдерді қосу керек. Бұл, әсіресе, артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін өте пайдалы, дейді диетолог... 03.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-03T07:12+0500
2023-02-03T07:12+0500
2023-02-03T07:39+0500
денсаулық
артық салмақ
тәтті тағам
зиянды тағамдар
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/18/18981800_0:0:1440:810_1920x0_80_0_0_9a6143ff11f09da5efa431302c862747.jpg
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Диета мәзіріне кейбір майлы өнімдерді қосу керек. Бұл, әсіресе, артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін өте пайдалы, дейді диетолог - нутрициолог Ирина Мансурова. Балықтың майы ас қорытуға, жүрекке және қан тамырларына жақсы әсер етеді. "Мәзірде піскен және жұмсақ авокадо болуы керек, оны езіп, нанға жағып жеуге болады. Күн сайын үш авокадоға дейін жеуге болады", - деді диетолог. Қарын аш кезде жеген авокадо тамаққа деген тәбетті азайтып, қарынды тез тойдыратын қорегі мол жемістердің бірі. Оның құрамында 100 грамм қант, 20-дан астам пайдалы дәрумен мен микроэлемент бар. Диета ұстанатындардың көпшілігі бірдей қателік жібереді, дейді сарапшы. Олар майлы сүзбеден бас тартады. Оның пікірінше, майсыз сүзбе құрамында майда еритін дәрумендер аз, кальций де тапшы. Диетологтың айтуынша, майлы сүзбе ағзаға пайдалы және адамның дене бітіміне еш зиян тигізбейді. Өсімдік майлары мен сары май да ағзаға қажет. Зәйтүн майында көптеген пайдалы май, антиоксидант пен дәрумендер бар, ал табиғи май құрамында жақсы сіңетін пайдалы майлар, ретинол, Омега-3 қышқылдары, кальций, Е, С, В дәрумендері бар. "Диетаға майлы тағамдарды қосқанда, олардың күнделікті калория мөлшеріне сәйкес келетініне көз жеткізу керек. Сонда ғана адам ағзасы үшін майдың пайдасы зор болмақ", - деп қорытындылады диетолог-нутрициолог.
https://sputnik.kz/20230123/adamnyn-zhuyke-zhuyesine-qanday-onim-paydaly-31345804.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/18/18981800_79:0:1355:957_1920x0_80_0_0_2a278394de7f241be953c8966f755b60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
артық салмақ, тәтті тағам, зиянды тағамдар
артық салмақ, тәтті тағам, зиянды тағамдар
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Диета мәзіріне кейбір майлы өнімдерді қосу керек. Бұл, әсіресе, артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін өте пайдалы, дейді диетолог - нутрициолог Ирина Мансурова.
"Майлы балық — лосось, скумбрия, лосось, майшабақ салмақтан арылуда таптырмас тағам. Оның құрамында май аз болғанымен ақуыз көп, сондай-ақ Омега-3 қышқылына бай", - деп
Lenta.ru диетологтың кеңесін ұсынады.
Балықтың майы ас қорытуға, жүрекке және қан тамырларына жақсы әсер етеді.
"Мәзірде піскен және жұмсақ авокадо болуы керек, оны езіп, нанға жағып жеуге болады. Күн сайын үш авокадоға дейін жеуге болады", - деді диетолог.
Қарын аш кезде жеген авокадо тамаққа деген тәбетті азайтып, қарынды тез тойдыратын қорегі мол жемістердің бірі. Оның құрамында 100 грамм қант, 20-дан астам пайдалы дәрумен мен микроэлемент бар.
Диета ұстанатындардың көпшілігі бірдей қателік жібереді, дейді сарапшы. Олар майлы сүзбеден бас тартады.
Оның пікірінше, майсыз сүзбе құрамында майда еритін дәрумендер аз, кальций де тапшы. Диетологтың айтуынша, майлы сүзбе ағзаға пайдалы және адамның дене бітіміне еш зиян тигізбейді.
Өсімдік майлары мен сары май да ағзаға қажет. Зәйтүн майында көптеген пайдалы май, антиоксидант пен дәрумендер бар, ал табиғи май құрамында жақсы сіңетін пайдалы майлар, ретинол, Омега-3 қышқылдары, кальций, Е, С, В дәрумендері бар.
"Диетаға майлы тағамдарды қосқанда, олардың күнделікті калория мөлшеріне сәйкес келетініне көз жеткізу керек. Сонда ғана адам ағзасы үшін майдың пайдасы зор болмақ", - деп қорытындылады диетолог-нутрициолог.