Денсаулық

Адамның жүйке жүйесіне қандай өнім пайдалы

© Photo : Pixabay / FotoshopTofsТамақ, өнімдер
Тамақ, өнімдер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 қаңтар - Sputnik. Адамның жүйке жүйесі үшін, әсіресе қарт адамдар үшін ең пайдалы өнім күркетауық болып саналады, деп жазады диетолог Елена Соломатинаның сөзін Lenta.ru порталы.
Маманның айтуынша, жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін ағзаға күркетауықтағы В дәрумендерінің жеткілікті мөлшері қажет.
Диетолог бұл құстың етінде пайдалы полиқанықпаған май қышқылдары бар екенін айтты. Олар миелинді жүйке талшықтарын оқшаулауды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, күркетауықта магний көп. Сондықтан, дәрігердің айтуынша, бұл өнімді үнемі қолдану ашушаңдықты басады және жүйке жүйесін нығайтады.
Күркетауық етінің құрамында фосфор да бар. Ол ойлану қабілетіне пайдалы, деп қорытындылады маман.
Пайдалы тағам - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2022
Денсаулық
Қалағаныңызша жеуге болады - денсаулыққа пайдалы 10 тағам
Жаңалықтар
0