https://sputnik.kz/20230201/ake-bala-tarbiesi-saualnama-natizhesi-31649760.html
Әке бала тәрбиесіне қатысқаннан гөрі ақша тапқаны дұрыс – сауалнама нәтижесі
Әке бала тәрбиесіне қатысқаннан гөрі ақша тапқаны дұрыс – сауалнама нәтижесі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанда әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі төмендеп жатыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы "Қазақстандық... 01.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-01T16:11+0500
2023-02-01T16:11+0500
2023-02-01T19:26+0500
әке
бала тәрбиесі
https://sputnik.kz/img/869/57/8695703_0:173:3908:2371_1920x0_80_0_0_052c4b007b28fab1ca6753afda749b07.jpg
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанда әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі төмендеп жатыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы "Қазақстандық қоғамдық даму институты" басқарма төрағасы Нұрбек Матжани айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Қазақстандық отбасылар – 2022" ұлттық баяндамасын таныстыру барысында Матжани әкелер институтына тоқтатылды. "Қазір қоғам талқысына түсіп жүрген әкелер институты мәселесіне келер болсақ, респонденттердің жартысынан көбі – 54,1 проценті әкенің бала тәрбиесіне қатысқаннан гөрі отбасыны материалдық тұрғыдан қамтамасыз еткені маңызды деп жауап берген. Әрине, отбасы материалдық тұрғыдан қамтылуы қажет. Алайда бала тәрбиесіндегі әке рөлі екінші орында қалып қойғанын көріп отырмыз", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ респонденттердің 60%-і кішкентай балаға әкесі анасынан кем емес қамқорлық жасай алады, үй шаруашылығын жүргізе алады деген пікірмен келіскен. Сауалнама барысында ата-аналар жұмысбастылықпен балаларына тиісті уақыт пен көңіл бөле бермейтіні анықталған. Балалармен бірге үнемі уақыт өткізу көрсеткіші әйелдерде 44,5% болса, ерлерде – 25,6%. Бұдан бөлек, сауалнама нәтижесінде қазақстандық ерлер/күйеуі көбіне мына міндеттерді жиі орындайтыны анықталды: Ал қазақстандық әйелдер/зайыбы көбіне өзіне мынадай міндеттер алады: Сондай-ақ Матжани қоғамда жалғызбасты аналармен қатар жалғызбасты әкелер, ерекше, науқас балаларды тәрбиелеп отырған жас және егде жастағы әкелер бар екенін атап өтті. Қоғамдық даму институты мұндай әкелерге психологиялық, ақпараттық, медициналық және әлеуметтік-экономикалық көмек қажет деп санайды.
https://sputnik.kz/20230201/qazaqstandyqtardyn-azamattyq-nekege-kozqarasy-qanday-31646525.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/869/57/8695703_0:0:3712:2784_1920x0_80_0_0_74e1334f054131d3b660f562530793d0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әке, бала тәрбиесі
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанда әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі төмендеп жатыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы "Қазақстандық қоғамдық даму институты" басқарма төрағасы Нұрбек Матжани айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстандық отбасылар – 2022" ұлттық баяндамасын таныстыру барысында Матжани әкелер институтына тоқтатылды.
"Қазір қоғам талқысына түсіп жүрген әкелер институты мәселесіне келер болсақ, респонденттердің жартысынан көбі – 54,1 проценті әкенің бала тәрбиесіне қатысқаннан гөрі отбасыны материалдық тұрғыдан қамтамасыз еткені маңызды деп жауап берген. Әрине, отбасы материалдық тұрғыдан қамтылуы қажет. Алайда бала тәрбиесіндегі әке рөлі екінші орында қалып қойғанын көріп отырмыз", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ респонденттердің 60%-і кішкентай балаға әкесі анасынан кем емес қамқорлық жасай алады, үй шаруашылығын жүргізе алады деген пікірмен келіскен.
Сауалнама барысында ата-аналар жұмысбастылықпен балаларына тиісті уақыт пен көңіл бөле бермейтіні анықталған. Балалармен бірге үнемі уақыт өткізу көрсеткіші әйелдерде 44,5% болса, ерлерде – 25,6%.
Бұдан бөлек, сауалнама нәтижесінде қазақстандық ерлер/күйеуі көбіне мына міндеттерді жиі орындайтыны анықталды:
отбасын материалдық қамтамасыз етеді – 50,4%;
отбасылық бюджетті басқарады – 21%;
балаларды қосымша үйірмелерге, спорт секцияларына апарады – 9,6%.
Ал қазақстандық әйелдер/зайыбы көбіне өзіне мынадай міндеттер алады:
үй тапсырмасын тексереді – 39%;
бала ауырса емдейді – 34%;
балаларды қосымша үйірмелерге, спорт секцияларына апарады – 24,2%.
Сондай-ақ Матжани қоғамда жалғызбасты аналармен қатар жалғызбасты әкелер, ерекше, науқас балаларды тәрбиелеп отырған жас және егде жастағы әкелер бар екенін атап өтті.
Қоғамдық даму институты мұндай әкелерге психологиялық, ақпараттық, медициналық және әлеуметтік-экономикалық көмек қажет деп санайды.