https://sputnik.kz/20230201/qazaqstandyqtardyn-azamattyq-nekege-kozqarasy-qanday-31646525.html
Қазақстандықтардың "азаматтық некеге" көзқарасы қандай
Қазақстандықтардың "азаматтық некеге" көзқарасы қандай
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы "Қазақстандық қоғамдық даму институты" басқарма төрағасы Нұрбек Матжани... 01.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-01T15:28+0500
2023-02-01T15:28+0500
2023-02-01T15:28+0500
неке
қазақстандықтар
қоғам
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018595_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_28bc1ba6ce5aa026d9e88aa36df9412d.jpg
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы "Қазақстандық қоғамдық даму институты" басқарма төрағасы Нұрбек Матжани қазақстандықтардың "азаматтық некеге" көзқарасы қандай екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Институт "Қазақстандық отбасылар – 2022" ұлттық баяндамасын дайындау аясында өңірлерде әлеуметтік сауалнама жүргізген. Сауалнама барысында қоғамның тіркелмеген некеге қалай қарайтыны да зерделенген. Сондай-ақ бала тууды жоспарлау бойынша да сауалнама жүргізілді. Матжанидің айтуынша, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73,5%-і бала тууды жоспарлау қажет деп санайды. 15,2 пайызы жоспарлаудың қажеті жоқ деп есептесе, 11,3%-і бұл сұраққа жауап бере алмаған.
https://sputnik.kz/20220912/qazaqstandyqtar-uylenu-neke-27490552.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018595_86:0:1223:853_1920x0_80_0_0_7eaebedf12cfc72c7909ec46d3c195e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
неке, қазақстандықтар
Қазақстандықтардың "азаматтық некеге" көзқарасы қандай
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы "Қазақстандық қоғамдық даму институты" басқарма төрағасы Нұрбек Матжани қазақстандықтардың "азаматтық некеге" көзқарасы қандай екенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Институт "Қазақстандық отбасылар – 2022" ұлттық баяндамасын дайындау аясында өңірлерде әлеуметтік сауалнама жүргізген. Сауалнама барысында қоғамның тіркелмеген некеге қалай қарайтыны да зерделенген.
"Орташа алғанда барлық жастағы адамдардың шамамен 25%-і "азаматтық некеге" оң көзқараспен және 30%-тен астамы бейтарап қарайды. Яғни Қазақстандағы әрбір бесінші неке тіркелмеуі мүмкін. Ал қолдамайтындардың үлесі – 32,8 процент", - деді Матжани орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ бала тууды жоспарлау бойынша да сауалнама жүргізілді.
Матжанидің айтуынша, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73,5%-і бала тууды жоспарлау қажет деп санайды. 15,2 пайызы жоспарлаудың қажеті жоқ деп есептесе, 11,3%-і бұл сұраққа жауап бере алмаған.