Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айтты

Пәкістан туы
Пәкістан туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 31 қаңтар - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алви мен премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Пешавар қаласындағы мешітте болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.
"Мен пәкістандықтармен бірге барлық дінге, адами наным-сенімге қайшы, ақылға сыйымсыз осы жантүршігерлік зорлық-зомбылық әрекетін қатаң айыптаймын", - деп жазылған жеделхатта.
Ол терроризмнің кез келген түріне жол беруге және оны ақтауға болмайтынын айтты.
Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Осындай қайғылы сәтте біз Пәкістан халқымен біргеміз", - делінген Тоқаевтың жеделхатында.
Пәкістан - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2023
Әлем
Пәкістанда жанкешті мешіттегі намазға барып теракт жасады - 17 адам көз жұмды
Жаңалықтар
0