Елорда тынысы

Елордада көлік жүрмейтін көшелер болады

© PhotoАстана көшесі
Астана көшесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту жөніндегі кеңесте көлік жүрмейтін көшелер мәселесін көтерді.
Мемлекет басшысы алдымен жаяу жүргіншілер үшін өзен арқылы өтетін көпірлерді салу керектігін айтты. Себебі бүгінде Астанада, көбінесе, көлік жүретін көпірлер салынады.
"Мұндай өткел, әсіресе, қазір салынып жатқан Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің маңайына қажет. Көлік жүруге болмайтын көшелер жөнінде талай рет айтылды. Бірақ қалада ондай бір де бір көше салынған жоқ. Жалпы, әлемдік тәжірибеде дәл осындай көшелер көптеп салынады. Бұл мәселені мұқият ойластыру керек. Білікті мамандарды тартып, оңтайлы шешім қабылдауға болады. ",- деді Тоқаев.
Осы орайда мемлекет басшысы ЭКСПО аумағын мысалға келтірді. Оны әдемі салған. Бірақ қаңырап бос жатыр.
"Шын мәнінде, оған жан бітіріп, жұрт жаппай демалатын орынға айналдыруға болады. Қоғамдық кеңістікті дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын қабылдаған жөн. Нысандарды жобалау және салу кезінде осы тұжырымдамаға сүйену қажеттігі заңды түрде бекітілуге тиіс", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Астана тұрғындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2023
Елорда тынысы
Астана халқы қай кезде 2 миллионға жетеді
Жаңалықтар
0