https://sputnik.kz/20230130/batystyn-areketine-qaramastan-resey-men-qazaqstan-yntymaqtastyq-31592507.html
Ресей мен Қазақстан ынтымақтастықты нығайтып жатыр – Ресей СІМ
Ресей мен Қазақстан ынтымақтастықты нығайтып жатыр – Ресей СІМ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының дамуын қолдамайтын тараптардың әрекетіне қарамастан, Ресей мен Қазақстан көп жоспарлы екіжақты... 30.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-30T16:53+0500
2023-01-30T16:53+0500
2023-01-30T16:53+0500
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/161/56/1615651_0:307:5732:3531_1920x0_80_0_0_65b03a3caaa6fddf74067f1be30f3940.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының дамуын қолдамайтын тараптардың әрекетіне қарамастан, Ресей мен Қазақстан көп жоспарлы екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлады РФ сыртқы істер министрлігі. "Ресей – Қазақстан одағын одан әрі дамытуға қарсы тараптардың барлық әрекетіне қарамастан, біз әріптестерімізбен бірге екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз. Себебі біз БҰҰ Жарғысына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы қабылданған қағидалары мен нормаларына сәйкес әрекет ете отырып, республиканың ішкі істеріне араласпаймыз", - деп жазылған Ресей сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған ведомство басшысы Сергей Лавровтың баспасөз мәслихатына дайындалған жауапта. Лавров Ресей мен Қазақстан достық пен сенімнің ұзақ тарихы байланыстыратын жақын көрші екенін атап өтті. "Бүгінде қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейінде болуы кездейсоқ емес. Сондықтан Ресей мен Қазақстан билігі ортақ өзекті мәселелерді шешу үшін тығыз ынтымақтастық орнатуы заңды", - деп қосты министр.
https://sputnik.kz/20230128/qazaqstan-sim-azerbayzhan-iran-shabuyl-31540295.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/161/56/1615651_308:0:5424:3837_1920x0_80_0_0_6f1cb2db45d873d231cb0ede6e82b562.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей
Ресей мен Қазақстан ынтымақтастықты нығайтып жатыр – Ресей СІМ
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының дамуын қолдамайтын тараптардың әрекетіне қарамастан, Ресей мен Қазақстан көп жоспарлы екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлады РФ сыртқы істер министрлігі.
"Ресей – Қазақстан одағын одан әрі дамытуға қарсы тараптардың барлық әрекетіне қарамастан, біз әріптестерімізбен бірге екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз. Себебі біз БҰҰ Жарғысына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы қабылданған қағидалары мен нормаларына сәйкес әрекет ете отырып, республиканың ішкі істеріне араласпаймыз", - деп жазылған Ресей сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған ведомство басшысы Сергей Лавровтың баспасөз мәслихатына дайындалған жауапта.
Лавров Ресей мен Қазақстан достық пен сенімнің ұзақ тарихы байланыстыратын жақын көрші екенін атап өтті.
"Бүгінде қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейінде болуы кездейсоқ емес. Сондықтан Ресей мен Қазақстан билігі ортақ өзекті мәселелерді шешу үшін тығыз ынтымақтастық орнатуы заңды", - деп қосты министр.