https://sputnik.kz/20230128/qazaqstan-sim-azerbayzhan-iran-shabuyl-31540295.html
Қазақстан СІМ Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне жасалған қарулы шабуылды айыптады
Қазақстан СІМ Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне жасалған қарулы шабуылды айыптады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 2023 жылғы 27 қаңтарда дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің қаза болуына және жаралануына... 28.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-28T08:01+0500
2023-01-28T08:01+0500
2023-01-28T08:01+0500
саясат
қазақстан сім
қарулы шабуыл
әзербайжан
https://sputnik.kz/img/81/17/811712_0:3:981:554_1920x0_80_0_0_a816177f41cf108c99d2d31c742d6ebd.jpg
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 2023 жылғы 27 қаңтарда дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің қаза болуына және жаралануына әкеп соққан Әзербайжан Республикасының Тегерандағы елшілігіне жасалған қарулы шабуылды қатаң айыптайды.Министрлік Әзербайжанның бауырлас халқына, сондай-ақ қаза тапқан Әзербайжан Республикасының азаматы Орхан Аскеровтың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуін тіледі."Иран Ислам Республикасының билігі бұл оқиғаны мұқият тергеп, кінәлілерді жазалау үшін тиісті шаралар қолданатынына сенімдіміз", - деді сыртқы саяси ведомстводағылар.Кеше Иранда Әзербайжан елшілігіне қарулы шабуыл жасалды. Күзет қызметінің бастығы қаза тапты. Күдікті Калашников автоматымен оқ атқан. Оны елшілік қызметкері ұстап алды. Елшілікке шабуыл жасаған адам Иран азаматы Ясин Хоссензаде болып шықты.Әзербайжанда елшілікке террористік шабуыл жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жақын арада елшілік қызметкерлері қауіпсіз жерге көшіріледі.
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/81/17/811712_20:0:891:653_1920x0_80_0_0_2dafb2d1b8c2f68dafc77175b10c1059.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан сім, қарулы шабуыл, әзербайжан
қазақстан сім, қарулы шабуыл, әзербайжан
Қазақстан СІМ Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне жасалған қарулы шабуылды айыптады
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 2023 жылғы 27 қаңтарда дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің қаза болуына және жаралануына әкеп соққан Әзербайжан Республикасының Тегерандағы елшілігіне жасалған қарулы шабуылды қатаң айыптайды.
"Қазақстан дипломатиялық миссиялар мен оның өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісі қабылданбайды деп санайды. Мұндай шабуылдар халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзады және жалпыға бірдей айыпталуға жатады деп санаймыз", - делінген СІМ мәлімдемесінде.
Министрлік Әзербайжанның бауырлас халқына, сондай-ақ қаза тапқан Әзербайжан Республикасының азаматы Орхан Аскеровтың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
"Иран Ислам Республикасының билігі бұл оқиғаны мұқият тергеп, кінәлілерді жазалау үшін тиісті шаралар қолданатынына сенімдіміз", - деді сыртқы саяси ведомстводағылар.
Кеше Иранда Әзербайжан елшілігіне қарулы шабуыл жасалды. Күзет қызметінің бастығы қаза тапты. Күдікті Калашников автоматымен оқ атқан. Оны елшілік қызметкері ұстап алды. Елшілікке шабуыл жасаған адам Иран азаматы Ясин Хоссензаде болып шықты.
Әзербайжанда елшілікке террористік шабуыл жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жақын арада елшілік қызметкерлері қауіпсіз жерге көшіріледі.