Президент елдегі саяси өзгерістер биліктің барлық тармағына ықпал ететінін айтты

© PhotoҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін президент жаңадан сайланған сенаттың отырысына барды. Осы жиында Тоқаевтың ұсынысымен спикер сайланады. Бірақ мемлекет басшысы алдымен елдегі саяси өзгерістерге тоқталды.
"Жақында ғана мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау науқаны өз жұмысын бастады. Бұл негізгі мемлекеттік институттарды кешенді түрде жаңғыртудың соңғы сатысы болмақ. Мәжіліс пен мәслихаттардың аралас моделін қалыптастыруға көшіп жатырмыз. Барлық әлеуметтік топтың мүддесін қорғау тұрғысынан мұның мәні зор. Бұл өзгеріс өкілді билік тармақтарының барлық деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, соңғы жылдары жүргізілген саяси өзгерістер, сайлау заңнамасына енгізілген түзетілер партия құру ісіне тың серпін берді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2023
Саясат
Сенаттың құрамын жаңғырту үдерісі аяқталды – Тоқаев
Жаңалықтар
0