Саясат

Сенаттың құрамын жаңғырту үдерісі аяқталды – Тоқаев

© Photo : Пресс-служба сената парламента КазахстанаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенат депутаттарының жартысына жуығы жаңарғанын айтты.
"Өздеріңізге мәлім, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Былтыр конституциялық реформаны қолға алдық. Ата заңға аса маңызды өзгерістер енгіздік. Қараша айында президент сайлауы өтті. Жуырда сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Сонымен қатар, менің жарлығыммен бірнеше сенатор тағайындалды. Осымен сенаттың құрамын жаңғырту үдерісі аяқталды", - деді Тоқаев парламент сенатының отырысында.
Президент депутаттардың жартысына жуығы жаңарғанын атап өтті. Сенатта әр аймақтың, соның ішінде жаңадан құрылған облыстардың өкілдері бар. Бұдан бөлек, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне арнайы квота берілді.
"Осылайша, сенатта түрлі санаттағы қоғам өкілдері барынша қамтылды. Жалпы, бұл палата мемлекеттік басқару саласында айрықша рөл атқарады. Оған Конституцияға сәйкес маңызды міндеттер жүктелген. Заң шығару қызметін сапалы атқару үшін барлық жағдай жасалған", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев сенат өз жұмысын абыроймен атқарып келе жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, сенаторлар ауқымды реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.
Осы орайда ол баршаға шынайы ризашылығын білдірді.
"Жаңа депутаттар сенаттың қызметіне тың серпін береді деп сенемін", - деді Тоқаев.
Жаңалықтар
0