Спорт

Елена Рыбакина Australian Open финалына шықты

© PhotoЕлена Рыбакина вышла в финал Australian Open
Елена Рыбакина вышла в финал Australian Open - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Әлемдік рейтингте 25-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Австралия ашық біріншілігінің финалына шықты.
Жартылай финалда қазақстандық әлемнің 24-ші нөмірі Беларусь спортшысы Виктория Азаренконы 7:6 (7:4), 6:3 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды. Қазақстандық тоғыз эйс пен үш қос қате жасады.
Финалда Рыбакина Магда Линетт (Польша) - Арина Соболенко (Беларусь) жартылай финалдық жұп жеңімпазымен ойнайды.
Елена Рыбакина жеке куәлігі мен паспортын көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2022
"Қазақстан азаматымын": Елена Рыбакина жеке куәлігі мен паспортын көрсетті
Жаңалықтар
0