"Қазақстан азаматымын": Елена Рыбакина жеке куәлігі мен паспортын көрсетті

© Sputnik / Владислав ВодневЕлена Рыбакина жеке куәлігі мен паспортын көрсетті
Елена Рыбакина жеке куәлігі мен паспортын көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз конференциясында Қазақстан азаматының паспорты мен жеке куәлігін алғанын айтты.
"Мен Қазақстан азаматымын, бірақ соңғы екі жылда тұрақты үйім жоқ: жарыстар немесе жиындар кезінде апта сайын қонақ үйден қонақ үйге көшіп жүрмін", - деді Елена.
Сейсенбіге қараған түні Елена Рыбакина Уимблдоннан Қазақстанға оралды. Елорда әуежайында қазақстандық теннисшіні туыстары мен достары, шенеуніктер мен журналистер, сондай-ақ спортшының жанкүйерлері күтіп алды.
Қазақстан президентінің жарлығымен Уимблдон жеңімпазы Елена Рыбакина ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды, бүгін еліміздің премьер-министрі оған бұл марапатты табыс етті.
Еске салсақ, қазақстандық спортшы 23 жасында Уимблдонда жеңіске жетіп, турнирдің 2011 жылдан бергі ең жас чемпионы атанды.
Жаңалықтар
0