Талдықорғанда мысықты қорлаған ер адам ұсталды

© Photo : Pixabay / rihaijИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2023
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 25 қаңтар – Sputnik. Талдықорғанда мысықты ағашқа лақтырып, кейін майып болған жануарды тепкен ер адам ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видео қазақстандықтардың ашуын келтірді. Жұртшылық полицейлерден жануарға қатыгездік көрсеткен ер адамға қатаң шара қолдануды талап етті. Бұл дерек 20 қаңтар күні қаладағы дүкендердің біріндегі бақылау камерасына түсіп қалғаны белгілі болды.
Облыстық полиция ролик "кейіпкері" анықталып, полицияға жеткізілгенін хабарлады. Күдікті 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Ұсталған ер адамның айтуынша, ол дүкенге жүгіріп кірген мысықты ұстап, далаға шығарып жібермек болған, бірақ жануар қолын тырнап алған. Қатігездікке осы жағдай себеп болған.
"Ер адам Қылмыстық кодекстің 316-бабы (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2022
Ақтауда мысықтың басына секірген тұрғын сотталды
Жаңалықтар
0