Ақтауда мысықтың басына секірген тұрғын сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Ақтауда сот мысықтың басына секірген қаскүнемге қатысты үкім шығарды, деп жазды "Ақтау-Лада" порталы.
35 жастағы ер адам ішімдік ішіп алып, ауладағы мысықтың басына секірген.
Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Еріктілер мысықты қамқорлыққа алды: жануардың мойны сынып, миы ісініп, денесі құрысып қалған.
Резонанстан кейін ер адам ұсталып, изоляторға қамалды. Оның үстінен жануарларға қатыгездік жасау бойынша іс қозғалды.
Сотта ер адам өкінетінін мәлімдеді. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды есепке алды.
Сондықтан оған әкімшілік қамауға алу немесе заңда белгіленген көлемде айыппұл салу туралы жаза кесілмеді.
Сотталушы 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.
Қазір жануарды мал дәрігерлері емдеп жатыр, еріктілер қаржылай қолдау көрсетуде.
Жаңалықтар
0