https://sputnik.kz/20230125/pavlodar-turgyny-sheteldik-koligin-10-zhyldan-keyin-zandastyrdy-31427603.html
Павлодар тұрғыны шетелдік көлігін 10 жылдан кейін заңдастырды
Павлодар тұрғыны шетелдік көлігін 10 жылдан кейін заңдастырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысының тұрғыны Виктория Черкашина MINI Cooper маркалы көлігін 10 жылдан кейін заңдастарып алды, деп хабарлайды... 25.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-25T12:28+0500
2023-01-25T12:28+0500
2023-01-25T12:28+0500
өңірлер
павлодар
тұрғын
көлік
заң
https://sputnik.kz/img/355/36/3553694_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_8abc13dae3cce733dde1a617a765a822.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысының тұрғыны Виктория Черкашина MINI Cooper маркалы көлігін 10 жылдан кейін заңдастарып алды, деп хабарлайды Polisia.kz. 37 жастағы әйел өз көлігін АҚШ-та сатып алған. Биыл заңдастыру науқаны басталған бойда бірден құжат тапсыруға барды. Виктория утилизациялық алымды төлеген жоқ. Себебі оның көлігі қайта өңдеу төлемі енгізілгенге дейін әкелінді. Бірақ бастапқы тіркеудің ақысы қымбат болды. "500 АЕК (1 АЕК - 3 450 теңге) көлемінде алым төлеу қажет болды. Сома аз емес. Сондықтан менің көлігім гаражда тұра берді. Президент автокөліктерді заңдастыру және оны өткізу шарттары туралы жариялаған кезде қуанып қалдым. 23 қаңтарда электрондық үкімет порталы арқылы онлайн өтінім бердім. Жауап 3-4 минут ішінде келді. Криминалистер корпустың және басқа агрегаттардың нөмірлерін, сондай-ақ барлық құжатты салыстырып тексерді. Өтінім мақұлданды", - деп атап көрсетті Черкашина. Оның айтуынша, 10 минуттан тағы бір хабарлама түсті. Одан кейін мемлекеттік тіркеу нөмірі мен техникалық төлқұжатты алуға рұқсат берді. Шетелдік көліктерді заңдастыру шарасы 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
https://sputnik.kz/20230123/sheteldik-kolikterdi-zandastyru-nauqany-qalay-zhurip-zhatyr--video-31379178.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/355/36/3553694_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_bb0ae9c864b16a9d6d03663ea984e992.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, тұрғын, көлік, заң
павлодар, тұрғын, көлік, заң
Павлодар тұрғыны шетелдік көлігін 10 жылдан кейін заңдастырды
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысының тұрғыны Виктория Черкашина MINI Cooper маркалы көлігін 10 жылдан кейін заңдастарып алды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
37 жастағы әйел өз көлігін АҚШ-та сатып алған. Биыл заңдастыру науқаны басталған бойда бірден құжат тапсыруға барды.
"Менің көлігім АҚШ-тан Қазақстанға сонау 2012 жылы әкелінген. Сол кезде қолданыста болған 30% кедендік баж салығы толығымен төленді. Мен көлікті бірден тіркемедім, өйткені шетелге шығуды жоспарладым. Бірнеше жыл бойы елде болмадым. Сол аралықта қайта өңдеу ақысы мен бастапқы тіркеу үшін жаңа төлемдер енгізілген", - дейді Черкашина.
Виктория утилизациялық алымды төлеген жоқ. Себебі оның көлігі қайта өңдеу төлемі енгізілгенге дейін әкелінді. Бірақ бастапқы тіркеудің ақысы қымбат болды.
"500 АЕК (1 АЕК - 3 450 теңге) көлемінде алым төлеу қажет болды. Сома аз емес. Сондықтан менің көлігім гаражда тұра берді. Президент автокөліктерді заңдастыру және оны өткізу шарттары туралы жариялаған кезде қуанып қалдым. 23 қаңтарда электрондық үкімет порталы арқылы онлайн өтінім бердім. Жауап 3-4 минут ішінде келді. Криминалистер корпустың және басқа агрегаттардың нөмірлерін, сондай-ақ барлық құжатты салыстырып тексерді. Өтінім мақұлданды", - деп атап көрсетті Черкашина.
Оның айтуынша, 10 минуттан тағы бір хабарлама түсті. Одан кейін мемлекеттік тіркеу нөмірі мен техникалық төлқұжатты алуға рұқсат берді.
Шетелдік көліктерді заңдастыру шарасы 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.