"Оскар-2023" сыйлығының үміткерлері белгілі болды

© AFP 2024 / Stan Honda "Оскар" сыйлығы
Оскар сыйлығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2023
Жазылу
Бір картина 11 номинация бойынша сыйлыққа ұсынылып, көш бастап тұр
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Америкалық кинематография өнерінің академиясы "Оскар" сыйлығына үміткерлерді жариялады.
Кеше академияның ресми YouTube арнасында актерлар Риз Ахмед пен Эллисон Уильямс марапатқа үміткерлерді жариялады.
"Үздік фильм" номинацияна үміткерлер:
"Батыс майданында өзгеріс жоқ";
"Аватар: Су жолы";
"Банши Инишерина";
"Элвис";
"Барлығы, барлық жерде және бірден.";
"Фабельмандар";
"Тар";
"Топ Ган: Мэверик";
"Қайғы үшбұрышы";
"Әйелдер сөйлейді".
"Үздік режиссер" номинациясына үміткерлер:
Мартин МакДона ("Банши Инишерина");
Дэн Кван пен Дэниэл Шайнерт ("Барлығы, барлық жерде және бірден");
Стивен Спилберг ("Фабельмандар");
Тодд Филд ("Тар");
Рубен Эстлунд ("Қайғы үшбұрышы").
"Жылдың үздік актері" атағына үміткерлер:
Остин Батлер ("Элвис");
Колин Фаррелл ("Банши Инишерина");
Брендан Фрейзер ("Кит");
Пол Мескал ("Күн шыққаннан кейін");
Билл Найи ("Өмір").
"Жылдың үздік актрисасы" атағына үміткерлер:
Кейт Бланшетт ("Тар");
Ана де Армас ("Аққұба әйел");
Андреа Райзборо ("Лесли үшін");
Мишель Уильямс ("Фабельмандар");
Мишель Йео ("Барлығы, барлық жерде және бірден").
"Екінші пландағы үздік актриса" атағына үміткерлер:
Анджела Бассетт ("Қара пантера: Мәңгілік Ваканда");
Хонг Чау ("Кит");
Керри Кондон ("Банши Инишерина");
Джейми Ли Кертис ("Барлығы, барлық жерде және бірден");
Стефани Сюй ("Барлығы, барлық жерде және бірден").
"Екінші пландағы үздік актер" атағына үміткерлер:
Ке Хюи Куан ("Барлығы, барлық жерде және бірден");
Барри Кеоган ("Банши Инишерина");
Брендан Глисон ("Банши Инишерина");
Брайан Тайри Генри ("Бөгет");
Джадд Хирш ("Фабельмандар").
"Үздік визуалды көркемдеу" атағына үміткерлер:
"Батыс майданында өзгеріс жоқ";
"Аватар: Су жолы";
"Бэтмен";
"Қара пантера: Мәңгілік Ваканда";
"Топ Ган: Мэверик".
"Үздік саундтрек" атағына үміткерлер:
"Батыс майданында өзгеріс жоқ";
"Вавилон";
"Банши Инишерина";
"Барлығы, барлық жерде және бірден";
"Фабельмандар".
"Үздік деректі фильм" номинациясы бойынша үміткерлер тізіміне HBO Max пен CNN Films арналары үшін түсірілген, ресейлік оппозиционер Алексей Навальный туралы режиссер Даниэль Роэрдің "Навальный" деректі фильмі кірді.
Айта кетері, 95-ші "Оскар" сыйлығын табыстау рәсімі дәстүрлі түрде 12 наурызда Лос-Анджелестегі Dolby кинотеатрында өтеді. Салтанатты шараны үшінші рет америкалық комик және тележүргізуші Джимми Киммел жүргізеді.
Уилл Смит ударил комика Криса Рока на церемонии Оскар - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Әлем
Уилл Смит "Оскар" рәсімінде Крис Рокты жұдырықпен бір ұрды - видео
Жаңалықтар
0