Әлем

Уилл Смит "Оскар" рәсімінде Крис Рокты жұдырықпен бір ұрды - видео

© REUTERS Уилл Смит ударил комика Криса Рока на церемонии "Оскар"
Уилл Смит ударил комика Криса Рока на церемонии Оскар - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Жазылу
Ол актердің әйелі туралы қисынсыз әзіл айтты
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Америкалық актер және режиссер Уилл Смит "Оскар" сыйлығын табыстау рәсімі кезінде сахнаға шығып, комедиант Крис Рокты жұдырықпен бір ұрды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Крис Рок "Үздік деректі фильм" санатындағы үміткерлерді жариялап тұрған. Ол Уилл Смиттің әйелі Джада Смиттің шашы "таңғаларлық және тым қысқа" деп әзілдеді.
Осы сөзден кейін Смит орнынан тұрып, сахнаға көтеріліп, Рокқа соққы жасады. Одан кейін бірнеше сөз айтты да, орнына оралды. Алайда оның не айтқаны естілген жоқ, бұл кезде тікелей трансляцияның дыбысы жоғалып кетті. Содан кейін Рок: "Бұл телевизия тарихындағы ең керемет түн болды", - деді.
Уилл Смиттің әйелі Джада Смит алопециядан зардап шегеді. Сырқат шаштың ішінара немесе толық жойылуына алып келеді.
Алайда Смит тек бұл әрекетімен ғана ерекшеленбеді. Актер "Король Ричард" фильміндегі басты рөлі үшін "Үздік актер" номинациясында "Оскар" сыйлығын алды. Бұл номинацияда Смит Хавьер Бардеммен ("Рикардо рөлінде"), Бенедикт Камбербэтчпен ("Иттің күші"), Дензель Вашингтонмен ("Макбет трагедиясы") және Эндрю Гарфилдпен ("Тик-так... БУМ!") бақ сынасты.
Жаңалықтар
0