https://sputnik.kz/20230124/piyaz-eksportyna-tyyym-salyndy-ministr-tusinikteme-berdi-31396381.html
Пияз экспортына тыйым салынды: министр түсініктеме берді
Пияз экспортына тыйым салынды: министр түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда қазір пияз қоры 150 мың тоннаны құрайды 24.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-24T13:11+0500
2023-01-24T13:11+0500
2023-01-24T13:11+0500
қазақстан
экспорт
министр
түсініктеме
https://sputnik.kz/img/531/58/5315828_0:124:1920:1204_1920x0_80_0_0_facad28e846ab2d90c8c0b282fccb51f.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин пиязды экспорттауға неге үш айға тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, елімізде 150 мың тонна пияз қалған. Бұл сәуір айына дейін жететін көлем. "Бүгінде пиязға сұраныстың қатты өсуіне, ең алдымен, күннің суытуы себеп болды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты пияз тұрақты өсірілген елдерде қазір бұл өнім жоқ. Бұл Өзбекстан, Пәкістан, Ресей. Мәскеуде қазір пияз бағасы 500 теңгеге, Өзбекстанда 350 теңгеге жетеді. Ал бізде, өздеріңіз білесіздер, баға көтерілді, кей жерлерде 170 теңгеден сатылып жатыр", - деді Жұманғарин үкімет кулуарында. Айтуынша, елімізде пияз тапшылығына жол бермеу үшін сыртқы сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия пияз экспортын үш айға тыйым салған. "Жалпы бізге айына 30 мың тонна пияз қажет. Сонда үш айда 90 мың тонна. Бірақ, практика көрсеткендей, біз осы аралықта пияздың қалай шығарылғанын анықтай алмаймыз. Өнім Қазақстаннан "сұр" схема бойынша әкетіліп жатыр деген күдік бар. Мен шекара қызметі, мемлекеттік кірістер комитетінің басшыларымен тікелей сөйлестім. Қазір қазақстандық тұтынушыларды пиязбен тұрақты қамтамасыз ету үшін осы жағдайды бақылауға аламыз", - деді вице-премьер. Сондай-ақ ол Қазақстан басқа елдермен ерте піскен пиязға келісімшарт бекіткенін мәлімдеді. Алғашқы шарттардың бірі Тәжікстанмен жасалған. Бұл елден 8 мың тонна өнім жеткізіледі. Ерте піскен пиязды жеткізу схемасына ірі сауда желілері – Magnum, Small және "Анвар" қатысады. Осы орайда журналистер "алдағы уақытта пияз қымбаттауы мүмкін бе?" деп сұрады. "Белгілі бір жоғарылау болуы мүмкін. Мен болжам жасай алмаймын, бұл мәселе айтарлықтай субъективті", - деді ол.
https://sputnik.kz/20220703/semey-qant-talasqan-adamdardyn-videosy-tarady-25909601.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/531/58/5315828_76:0:1845:1327_1920x0_80_0_0_256f3783392655a55875e16b1b07581f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, экспорт, министр, түсініктеме
қазақстан, экспорт, министр, түсініктеме
Пияз экспортына тыйым салынды: министр түсініктеме берді
Қазақстанда қазір пияз қоры 150 мың тоннаны құрайды
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин пиязды экспорттауға неге үш айға тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, елімізде 150 мың тонна пияз қалған. Бұл сәуір айына дейін жететін көлем.
"Бүгінде пиязға сұраныстың қатты өсуіне, ең алдымен, күннің суытуы себеп болды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты пияз тұрақты өсірілген елдерде қазір бұл өнім жоқ. Бұл Өзбекстан, Пәкістан, Ресей. Мәскеуде қазір пияз бағасы 500 теңгеге, Өзбекстанда 350 теңгеге жетеді. Ал бізде, өздеріңіз білесіздер, баға көтерілді, кей жерлерде 170 теңгеден сатылып жатыр", - деді Жұманғарин үкімет кулуарында.
Айтуынша, елімізде пияз тапшылығына жол бермеу үшін сыртқы сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия пияз экспортын үш айға тыйым салған.
"Жалпы бізге айына 30 мың тонна пияз қажет. Сонда үш айда 90 мың тонна. Бірақ, практика көрсеткендей, біз осы аралықта пияздың қалай шығарылғанын анықтай алмаймыз. Өнім Қазақстаннан "сұр" схема бойынша әкетіліп жатыр деген күдік бар. Мен шекара қызметі, мемлекеттік кірістер комитетінің басшыларымен тікелей сөйлестім. Қазір қазақстандық тұтынушыларды пиязбен тұрақты қамтамасыз ету үшін осы жағдайды бақылауға аламыз", - деді вице-премьер.
Сондай-ақ ол Қазақстан басқа елдермен ерте піскен пиязға келісімшарт бекіткенін мәлімдеді. Алғашқы шарттардың бірі Тәжікстанмен жасалған. Бұл елден 8 мың тонна өнім жеткізіледі. Ерте піскен пиязды жеткізу схемасына ірі сауда желілері – Magnum, Small және "Анвар" қатысады.
Осы орайда журналистер "алдағы уақытта пияз қымбаттауы мүмкін бе?" деп сұрады.
"Белгілі бір жоғарылау болуы мүмкін. Мен болжам жасай алмаймын, бұл мәселе айтарлықтай субъективті", - деді ол.