https://sputnik.kz/20220703/semey-qant-talasqan-adamdardyn-videosy-tarady-25909601.html
Семейде адамдардың қантқа таласып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Семейде адамдардың қантқа таласып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Семейдегі сауда орындарының бірінде тұрғындардың қантқа таласып жатқан видеосы тарады. 03.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-03T13:51+0500
2022-07-03T13:51+0500
2022-07-03T13:51+0500
өңірлер
семей
қант
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0f/23513326_0:56:1281:776_1920x0_80_0_0_65b0b86f03aae07ee5ce6b44b9903cfd.jpg
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Семейдегі сауда орындарының бірінде тұрғындардың қантқа таласып жатқан видеосы тарады.Arnapress.kz сайтына Семей қаласының тұрғыны видео жіберген. Бейнежазбадан тұрғындардың жергілікті дүкендерде тапшылыққа айналған тәтті шекерді сатып алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрғанын көруге болады.Қанттың 495 теңгеден сатылып жатқанын естіген жұрт сауда орталығына ағылған. Өйткені қазір сатушылар оның бағасын бір келі үшін 1000 теңгеге дейін қымбаттатып жіберген.Видео авторының айтуынша, қант әр қолға 3 келіден ғана сатылған. Сол себепті тұрғындар дүкенге отбасы мүшелерімен келген."Шыдамның да шегі бар ғой. Қаладағы қант тапшылығы мәселесі қашан шешімін табады? Неліктен кейбір дүкен сөрелерінде қант 800-1000 теңгеден, ал кей жерлерде 500 теңгеден сатылып жатыр? 1 шілде күні "Смолл" сауда орталығына бардық. Түскі үштен бастап кезекте тұрдық. Ақыр соңында дүрлікпе болды", – деп жазды видео авторы.Қант сатып алуға апа-әжелер де барған. Қантқа талас басталғанда үлкен кісілерді құтқаруға тура келген. Бір әженің аяғы көгеріп, дене жарақатын алған. Қант болса жерге шашылып жатты, деп наразылығын білдірді семейлік тұрғын.
https://sputnik.kz/20220629/qant-qumar-aqsaqalov-25835685.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0f/23513326_0:0:1035:776_1920x0_80_0_0_aae59ecf95105a795c6be17bd8d561a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, қант
Семейде адамдардың қантқа таласып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Семейдегі сауда орындарының бірінде тұрғындардың қантқа таласып жатқан видеосы тарады.
Arnapress.kz сайтына Семей қаласының тұрғыны видео жіберген. Бейнежазбадан тұрғындардың жергілікті дүкендерде тапшылыққа айналған тәтті шекерді сатып алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрғанын көруге болады.
Қанттың 495 теңгеден сатылып жатқанын естіген жұрт сауда орталығына ағылған. Өйткені қазір сатушылар оның бағасын бір келі үшін 1000 теңгеге дейін қымбаттатып жіберген.
Видео авторының айтуынша, қант әр қолға 3 келіден ғана сатылған. Сол себепті тұрғындар дүкенге отбасы мүшелерімен келген.
"Шыдамның да шегі бар ғой. Қаладағы қант тапшылығы мәселесі қашан шешімін табады? Неліктен кейбір дүкен сөрелерінде қант 800-1000 теңгеден, ал кей жерлерде 500 теңгеден сатылып жатыр? 1 шілде күні "Смолл" сауда орталығына бардық. Түскі үштен бастап кезекте тұрдық. Ақыр соңында дүрлікпе болды", – деп жазды видео авторы.
Қант сатып алуға апа-әжелер де барған. Қантқа талас басталғанда үлкен кісілерді құтқаруға тура келген. Бір әженің аяғы көгеріп, дене жарақатын алған. Қант болса жерге шашылып жатты, деп наразылығын білдірді семейлік тұрғын.