Алматыда коммуналдық желілердің 60 пайызы тозған

© Sputnik / СтрингерАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 қаңтар – Sputnik. Алматыда су, жылу, электр энергиясы желілері мен қорлары тозған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының энергетика және сумен қамту басқармасының бөлім басшысы Нұрбақыт Серікбай айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Алматыда сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілер мен қорлардың 50%-дан астамы, жылу және электр энергиясымен жабдықтау желілерінің 60%-дан астамы тозған.
"Апат тіркелген жоқ, дегенмен жабдықтың тозуы салдарынан 2015 жылдан бастап жылу энергетикасы саласында қондырғылар істен шыққан, I және II дәрежелі ақаулар пайда болды. 2017 жылдан бері істен шыққан жабдықтардың саны қысқарып келе жатқанына қарамастан, аталған фактілер өзгеріссіз қалып отыр", - дейді Нұрбақыт Серікбай.
Сала мамандары желілер тозғанымен, тариф көтерілмегенін атап өтті. Сумен жабдықтау және су бұру салалары халыққа 2019 жылғы тарифпен қызмет көрсетіп келеді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2022
Бірнеше қалада жылу жүйесі әбден тозған
Жаңалықтар
0