https://sputnik.kz/20230123/darigerler-pavlodar-tubindegi-apattan-aman-qalgandardyn-zhagdayy-turaly-aytty-31370438.html
Дәрігерлер Павлодар түбіндегі апаттан аман қалғандардың жағдайы туралы айтты
Дәрігерлер Павлодар түбіндегі апаттан аман қалғандардың жағдайы туралы айтты
Sputnik Қазақстан
ПАВЛОДАР, 23 қаңтар – Sputnik. Жол апатынан зардап шеккен төрт жолаушы, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірім Екібастұз орталық ауруханасына жатқызылды... 23.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-23T21:49+0500
2023-01-23T21:49+0500
2023-08-10T11:59+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/22/72/227239_0:0:5184:2916_1920x0_80_0_0_f1efef2a6eeada7fed0c383055573e97.jpg
ПАВЛОДАР, 23 қаңтар – Sputnik. Жол апатынан зардап шеккен төрт жолаушы, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірім Екібастұз орталық ауруханасына жатқызылды, деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.43 жастағы және 18 жастағы екі ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бірі жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған, жағдайы өте ауыр. Екінші зардап шегуші де көп жарақат алған, жағдайы ауыр.28 жастағы ер адам травматология бөлімінде, оның жағдайы орташа дәрежеде.17 жастағы жәбірленуші мидың жабық жарақатын алған, миы шайқалған. Оның жағдайы тұрақты, орташа ауыр.22 қаңтарда Павлодар – Қызылорда тас жолында ВАЗ-2110 ("Яндекс.Такси"), Toyota Camry 40 және Mersedes-Benz GL 450 көлігі соқтығысқан.25 жастағы ВАЗ жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. Төрт жолаушы, олардың бірі кәмелетке толмаған жасөспірім әртүрлі жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен тағы екі адам – 18 жастағы ер адам мен 21 жастағы қыз ауруханаға жатудан бас тартты.
https://sputnik.kz/20230122/zhol-apaty-6-ga-kobeydi-sklyar-sebebin-aytty-31342152.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/22/72/227239_576:0:5184:3456_1920x0_80_0_0_fc0946f4fea20485ab867b90afa87ef2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
Дәрігерлер Павлодар түбіндегі апаттан аман қалғандардың жағдайы туралы айтты
21:49 23.01.2023 (жаңартылды: 11:59 10.08.2023) ПАВЛОДАР, 23 қаңтар – Sputnik. Жол апатынан зардап шеккен төрт жолаушы, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірім Екібастұз орталық ауруханасына жатқызылды, деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
43 жастағы және 18 жастағы екі ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бірі жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған, жағдайы өте ауыр. Екінші зардап шегуші де көп жарақат алған, жағдайы ауыр.
28 жастағы ер адам травматология бөлімінде, оның жағдайы орташа дәрежеде.
17 жастағы жәбірленуші мидың жабық жарақатын алған, миы шайқалған. Оның жағдайы тұрақты, орташа ауыр.
22 қаңтарда Павлодар – Қызылорда тас жолында ВАЗ-2110 ("Яндекс.Такси"), Toyota Camry 40 және Mersedes-Benz GL 450 көлігі соқтығысқан.
25 жастағы ВАЗ жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. Төрт жолаушы, олардың бірі кәмелетке толмаған жасөспірім әртүрлі жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен тағы екі адам – 18 жастағы ер адам мен 21 жастағы қыз ауруханаға жатудан бас тартты.