Путин Назарбаевтың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуМәскеу қаласы
Мәскеу қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин жүрегіне ота жасалған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Президент операция жасатқан Нұрсұлтан Әбішұлына тезірек жазылып кетуіне тілеулес екенін жеткізді. Біз де Мәскеуде оның тез сауығып кетуін тілейміз", - деді Песков журналистерге.
Қазақстанның экс-басшысының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалып, оның сәтті өткенін хабарлады.
Алайда Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия жөніндегі директоры Юрий Пя бұл ота емес, емдеу-диагностикалық процедура екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, процедура өткен жылы жоспарланған, Нұрсұлтан Әбішұлының жағдайы жақсы, жақын арада ауруханадан шығарылады.
Назарбаев 82 жаста.
Юрий Пя - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2023
Назарбаевқа ота жасалған жоқ, бұл емдеу-диагностикалық процедурасы – кардиохирург
Жаңалықтар
0