https://sputnik.kz/20230120/nazarbaevqa-ota-zhasalgan-zhoq-bul-emdeu-diagnostikalyq-protsedurasy--kardiokhirurg-31315166.html
Назарбаевқа ота жасалған жоқ, бұл емдеу-диагностикалық процедурасы – кардиохирург
Назарбаевқа ота жасалған жоқ, бұл емдеу-диагностикалық процедурасы – кардиохирург
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа операция емес, емдеу-диагностикалық процедурасы жасалды. Бұл туралы Ұлттық... 20.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-20T14:40+0500
2023-01-20T14:40+0500
2023-01-20T14:58+0500
назарбаев
операция
ота
https://sputnik.kz/img/07e7/01/14/31314334_1:0:1919:1079_1920x0_80_0_0_7ec88d4dd7d10f380465426608f8c26e.jpg
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа операция емес, емдеу-диагностикалық процедурасы жасалды. Бұл туралы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры Юрий Пя мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, бұл жоспарлы процедура.Ол бұл процедураның стреспен еш байланысы жоқ екенін атап өтті."Қазір Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы", - деді ол.Жоспарлы процедура екі жарым сағатқа созылған. Экс-президент ауруханадан бүгін-ертең шығарылуы мүмкін.Осы орайда журналистер Назарбаевқа орталықта ерекше жағдай жасалған ба деп сұрады."Бізде әрбір пациентке ерекше жағдай жасалған. Біз де VIP деген түсінік жоқ. Біз үшін әрбір пациент VIP", - деп мәлімдеді Юрий Пя.Юрий Пя Назарбаевқа диагностикалық процедура тегін жасалғанын атап өтті."Ол кісі бұрыннан біздің пациентіміз. Ал Қазақстанның әрбір азаматы МӘМС аясында көмек алуға құқылы екенін сіздер білесіздер", - деді дәрігер.Экс-президентке емдеу-диагностикалық процедурасы алғаш рет жасалған.Еске салсақ, бүгін Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне операция жасалғанын хабарлады. Ота белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен Ұлттық кардиохирургия орталығында жасалған.
https://sputnik.kz/20230120/nursultan-nazarbaevtyn-zhuregine-operatsiya-zhasaldy-31305877.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/14/31314334_241:0:1680:1079_1920x0_80_0_0_bf6d8e5577a387c8e838c96fe89cbe48.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев, операция, ота
Назарбаевқа ота жасалған жоқ, бұл емдеу-диагностикалық процедурасы – кардиохирург
14:40 20.01.2023 (жаңартылды: 14:58 20.01.2023) АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа операция емес, емдеу-диагностикалық процедурасы жасалды. Бұл туралы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры Юрий Пя мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, бұл жоспарлы процедура.
"Процедура былтыр жоспарланған. Бірақ біз әрбір пациенттің жұмыс кестесіне, ыңғайлы уақытына қараймыз. Оның жұмысбастылығы мен денсаулық жағдайына байланысты бүгін өткізуді шештік", - деді Пя журналистерге арналған брифингте.
Ол бұл процедураның стреспен еш байланысы жоқ екенін атап өтті.
"Қазір Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы", - деді ол.
Жоспарлы процедура екі жарым сағатқа созылған. Экс-президент ауруханадан бүгін-ертең шығарылуы мүмкін.
Осы орайда журналистер Назарбаевқа орталықта ерекше жағдай жасалған ба деп сұрады.
"Бізде әрбір пациентке ерекше жағдай жасалған. Біз де VIP деген түсінік жоқ. Біз үшін әрбір пациент VIP", - деп мәлімдеді Юрий Пя.
Юрий Пя Назарбаевқа диагностикалық процедура тегін жасалғанын атап өтті.
"Ол кісі бұрыннан біздің пациентіміз. Ал Қазақстанның әрбір азаматы МӘМС аясында көмек алуға құқылы екенін сіздер білесіздер", - деді дәрігер.
Экс-президентке емдеу-диагностикалық процедурасы алғаш рет жасалған.
Еске салсақ, бүгін Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне операция жасалғанын хабарлады. Ота белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен Ұлттық кардиохирургия орталығында жасалған.