Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне операция жасалды

Нурсултан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 қаңтар - Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне операция жасалды.
"Операция сәтті өтті. Бірінші президенттің өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
Ота белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен Ұлттық кардиохирургия орталығында жасалған.
Бұған дейін Назарбаевтың ауруханаға түскені туралы хабарланған болатын.
Жаңалықтар
0