Кәсіпорындар жұмысшыларға 5,3 млрд теңге қарыз болып қалған

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik. Өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 914 кәсіпорында тексеріс жүргізді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Тексеріс нәтижесінде кәсіпорындар 21,7 мың жұмыскерге 5,3 млрд теңге берешек болып қалғаны анықталды. Міндетін дұрыс атқармаған басшыларға 144,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
"Жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестесі мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 5,2 млрд теңге төленді", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2023
Қоғам
Қазақстанда ең төменгі жалақы өсті
Жаңалықтар
0