https://sputnik.kz/20230101/qazaqstan-en-tomengi-zhalaqy-30799654.html
Қазақстанда ең төменгі жалақы өсті
Қазақстанда ең төменгі жалақы өсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. 1 қаңтардан бастап республикада ең төменгі жалақы 70 мың теңгені құрайды. 01.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-01T08:55+0500
2023-01-01T08:55+0500
2023-01-01T08:55+0500
қоғам
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742581_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_937269750c76e02127da04f775abe495.jpg
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. 1 қаңтардан бастап республикада ең төменгі жалақы 70 мың теңгені құрайды.Бұған дейін оның мөлшері 60 мың теңге болған еді.Осының арқасында әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалақысы 70 мың теңгеге дейінгі 1,8 миллионға жуық жалдамалы жұмысшының табысы өседі.Ең төменгі жалақының көтерілуі, ең алдымен, айлығы төмен қызметкерлерге қатысты болады.Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайды.Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер еңбекақыны ең төменгі жалақыдан кем емес деңгейде төлеуге міндетті.Сондай-ақ айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 450 теңгеге дейін артты.2022 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 3 063 теңге болды, ал 2022 жылғы 1 сәуірден 3 180 теңгені (жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер үшін) құрады.Айлық есептік көрсеткіш жәрдемақы, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады. Яғни, қаңтардан бастап жәрдемақылар мен айыппұлдардың мөлшері ұлғаяды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742581_524:0:2775:1688_1920x0_80_0_0_59e260f84ccf96484285465180775f67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. 1 қаңтардан бастап республикада ең төменгі жалақы 70 мың теңгені құрайды.
Бұған дейін оның мөлшері 60 мың теңге болған еді.
Осының арқасында әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалақысы 70 мың теңгеге дейінгі 1,8 миллионға жуық жалдамалы жұмысшының табысы өседі.
Ең төменгі жалақының көтерілуі, ең алдымен, айлығы төмен қызметкерлерге қатысты болады.
Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайды.
Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер еңбекақыны ең төменгі жалақыдан кем емес деңгейде төлеуге міндетті.
Сондай-ақ айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 450 теңгеге дейін артты.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 3 063 теңге болды, ал 2022 жылғы 1 сәуірден 3 180 теңгені (жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер үшін) құрады.
Айлық есептік көрсеткіш жәрдемақы, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады. Яғни, қаңтардан бастап жәрдемақылар мен айыппұлдардың мөлшері ұлғаяды.