Саясат

Тоқаев мәжілісті тарату жөнінде кеңес өткізді

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание мажилиса парламента
Здание мажилиса парламента - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысы парламент палаталарының төрағалары және премьер-министрмен мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы референдумда саяси өзгерістерге, соның ішінде парламентті және мәслихаттарды жасақтау тәртібін жаңартуға қолдау білдіргенін айтты.
"Мен қыркүйектегі жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс президент сайлауы өтті. Жуырда сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Енді мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуіміз керек", - деді президент.
Мемлекет басшысы Конституцияның 63-ші және 86-шы баптарына сәйкес өткізген кеңес барысында сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов және премьер-Министр Әлихан Смайылов сөз сөйледі.
Кездесу соңында президент барлық айтылған ой-тұжырымдарды ескеріп, нақты шешім қабылдайтынын мәлімдеді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2023
Сенат депутаттарының құрамы 80%-ға жаңарды: ОСК сайлаудың қорытындысын шығарды
Жаңалықтар
0