Сенат депутаттарының құрамы 80%-ға жаңарды: ОСК сайлаудың қорытындысын шығарды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. 14 қаңтарда өткен сайлаудың қорытындысы бойынша сенат депутаттарының құрамы 80%-ға жаңартылды.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының дауыс беру нәтижелерін анықтау және жариялау мәселелері жөніндегі отырысында ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәлім етті.
"Сайланған 20 депутаттың 3-і әйел, 17-сі ер адам. Орташа жас – 53,8. Сенаттағы депутаттық корпустың құрамы 80 пайызға жаңартылды", - деді Петров.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлаушылар белсенділік танытып, бәсекелестік жоғары деңгейде болғанын атап өтті.
"Бәсекелестік жоғары деңгейде болды. Бір орынға алтыдан астам үміткер таласты. Барлығы 130 кандидат болса, оның 55-і сенаттағы орынға үміткер болды. Олардың көпшілігі өзін-өзі ұсынды. Республика бойынша сайлаушылар тізімінде 3 167 мәслихат депутаты болса, оның 2 904-і дауыс берді", - деп атап өтті Әбдіров.
2023 жылдың 14 қаңтарында Қазақстанда сенатқа сайлау өтті. Еліміздің барлық облысында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында 20 жаңа депутат сайланды.
Бибігүл Жексенбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2023
Бибігүл Жексенбай сенаторлыққа не үшін сайланғанын айтты
Жаңалықтар
0