Білім

180 мемлекеттің туын жатқа білетін 6 жасар бала министрмен кездесті

© Photo : ҚР оқу-ағарту министрлігіАстаналық 6 жасар бала 180 мемлекеттің туын жатқа біледі
Астаналық 6 жасар бала 180 мемлекеттің туын жатқа біледі 
   - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. 180 елдің туын жатқа білетін 6 жасар оқушы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесті, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Әлемнің 180 елінің мемлекеттік туын жатқа білетін Астана қаласындағы мектептердің бірінің оқушысы 6 жасар Ерген Дүйсенбек оқу-ағарту министрлігінде болып, министр Ғани Бейсембаевпен кездесті. Кездесуге Ерген өзінің тулар жинағын әкеліп, білімділігін көрсетті. Баланың арманы - өзі атаған мемлекеттерді аралау.

"Мен әлемнің барлық мемлекетінің туын білемін, бірақ соның ішіндегі ең әдемісі – біздің Туымыз. Мен есейгенде атақты адам болып, көк байрағымызды бүкіл әлемге танытып, көкке көтергім келеді", - деді 6 жасар Ерген Дүйсенбек.

Министр бірінші сынып оқушысына грамота мен естелік сыйлықтар табыс етіп, ата-анасына ақылды және тәрбиелі ұрпақ тәрбиелегені үшін алғыс айтты.
Вундеркинд Абзал Мырзаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2017
Қоғам
12 жастағы алматылық вундеркинд университеттегі алғашқы сессиясын "беске" тапсырды
Жаңалықтар
0