https://sputnik.kz/20230117/magan-ziyan-tigize-bastady-dimash-qudaybergen-khalyqqa-beyneundeu-zholdady-31174096.html
"Маған зиян тигізе бастады!": Димаш Құдайберген халыққа бейнеүндеу жолдады
"Маған зиян тигізе бастады!": Димаш Құдайберген халыққа бейнеүндеу жолдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Танымал әнші Димаш Құдайберген халыққа бейнеүндеу жолдап, алаяқтардан сақ болуға шақырды. 17.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-17T13:55+0500
2023-01-17T13:55+0500
2023-08-10T17:07+0500
димаш құдайберген
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/15/30493262_0:29:2886:1652_1920x0_80_0_0_d7d4781d1e0c3957bca045533abd5f3f.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Танымал әнші Димаш Құдайберген халыққа бейнеүндеу жолдап, алаяқтардан сақ болуға шақырды.Әншінің айтуынша, желіде белгісіз біреулер оның фотосы мен видеосын пайдаланып, сан алуан лотереялар ұйымдастырып жүр. Бұның барлығы – алаяқтардың ісі."Интернет желісінде Димаш Құдайберген болып ашылған түрлі парақшалар халыққа, маған зиян тигізе бастады. Жалпы, мен ешқашанда интернет арқылы ақша сұрайтын ойын өткізбегенмін. Тікелей эфирдің өзіне үш-төрт рет қана шықтым, алдағы жаңалықтарды ғана бөлістім. Оны скриншотқа түсіріп алып, өздерінің алаяқтық жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында өтірік парақшалар ашып ашып, фотомды қойып, халық арасында лотерея, түрлі ойындар ұйымдастырып жатады. Ондайға ешқашан сенбеңіздер!", - дейді Құдайберген.Әнші ондай ойындарды ешқашан ұйымдастырмаған, алдағы уақытта да өткізбейді."Оның маған қажеті жоқ. Сол себепті алданып қалмаңыздар. Естеріңізде болсын, интернет арқылы ешкімге ақша жібермеңіздер. Абай болыңыздар!", - деп атап өтті Құдайберген.
https://sputnik.kz/20221228/bolashaq-stipendiyasyn-ielengen-dimash-qudaybergen-qay-zhaqta-bilim-alatyny-belgili-boldy-30723015.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/15/30493262_323:0:2563:1680_1920x0_80_0_0_b5d0eab6902eb36310b851b92a9bc186.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
димаш құдайберген
"Маған зиян тигізе бастады!": Димаш Құдайберген халыққа бейнеүндеу жолдады
13:55 17.01.2023 (жаңартылды: 17:07 10.08.2023) АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Танымал әнші Димаш Құдайберген халыққа
бейнеүндеу жолдап, алаяқтардан сақ болуға шақырды.
Әншінің айтуынша, желіде белгісіз біреулер оның фотосы мен видеосын пайдаланып, сан алуан лотереялар ұйымдастырып жүр. Бұның барлығы – алаяқтардың ісі.
"Интернет желісінде Димаш Құдайберген болып ашылған түрлі парақшалар халыққа, маған зиян тигізе бастады. Жалпы, мен ешқашанда интернет арқылы ақша сұрайтын ойын өткізбегенмін. Тікелей эфирдің өзіне үш-төрт рет қана шықтым, алдағы жаңалықтарды ғана бөлістім. Оны скриншотқа түсіріп алып, өздерінің алаяқтық жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында өтірік парақшалар ашып ашып, фотомды қойып, халық арасында лотерея, түрлі ойындар ұйымдастырып жатады. Ондайға ешқашан сенбеңіздер!", - дейді Құдайберген.
Әнші ондай ойындарды ешқашан ұйымдастырмаған, алдағы уақытта да өткізбейді.
"Оның маған қажеті жоқ. Сол себепті алданып қалмаңыздар. Естеріңізде болсын, интернет арқылы ешкімге ақша жібермеңіздер. Абай болыңыздар!", - деп атап өтті Құдайберген.