"Болашақ" стипендиясын иеленген Димаш Құдайберген қай жақта білім алатыны белгілі болды

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаПевца Роза Рымбаева Димаш Кудайберген
Певца Роза Рымбаева Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Димаш Құдайберген АҚШ-тың "New York Film Academy" жетекші жоғары оқу орнында "режиссура" мамандығы бойынша 1 жылдық тағылымдамадан өтеді. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлайды.
"Димаш Құдайберген АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орны – New York Film Academy-де "режиссура" мамандығы бойынша бір жылдық тағылымдамадан өтеді", - делінген ресми сайттағы хабарламада.
28 желтоқсанда "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Республикалық комиссияның шешімімен 178 қазақстандыққа стипендия берілді.
Танымал әнші мемлекет есебінен шетелде оқуға мүмкіндік алған 178 қазақстандықтың бірі болды.
Жаңалықтар
0