https://sputnik.kz/20230117/aqsay-narazylyq-zhumysshylar-kezdesuge-italiya-basshy-31201738.html
Ақсайдағы наразылық: жұмысшылармен кездесуге Италиядан басшы келеді
Ақсайдағы наразылық: жұмысшылармен кездесуге Италиядан басшы келеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Ақсайда наразылыққа шыққан "KKC-Sicim" ЖШС жұмысшыларымен кездесуге Италиядан... 17.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-17T17:30+0500
2023-01-17T17:30+0500
2023-01-17T17:31+0500
қоғам
наразылық
италия
https://sputnik.kz/img/07e7/01/10/31154939_0:383:838:854_1920x0_80_0_0_6b615b420e5d1066aea5b3e3d3935492.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Ақсайда наразылыққа шыққан "KKC-Sicim" ЖШС жұмысшыларымен кездесуге Италиядан компанияның ең үлкен басшысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әкімнің айтуынша, аталған компанияда 3 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Төреғалиевтің пікірінше, жұмысшылардың талаптары орынсыз."Мен олардың талаптары орынсыз деп есептеймін. Себебі олардың екі ортада ұжымдық келісімшарты бар. Оның сыртында әрбірімен, жұмыс беруші мен жұмысшының арасында жеке келісімшарттар бар. Сондықтан сол келісімшарттарда қаралған міндеттемелерде жалақыны 50 немесе 100 пайыз көтеру деген жоқ. Қысқаша айтқанда, олардың келісімшартында айлықты 20 пайыз көтеру мәселесі айтылған. Сондықтан мен сол міндеттемелерге сүйеніп айтып отырмын", - деді облыс әкімі үкімет кулуарында.Ол компания қызметкерлерінің орташа жалақысы 280 мың теңге шамасында екенін атап өтті.Сондай-ақ Төреғалиевтің сөзінше, жұмысшылармен кездесуге Италиядан компанияның ең үлкен басшысы келеді."Ертең кешке компанияның ең үлкен басшысы Италиядан келеді. Сол келген соң жұмысшылармен тағы кездеседі. Заң талаптары бойынша олар жұмысқа баруы керек қой. Олар жұмысқа қазір барған жоқ. Себебі өздерінің келісімшартында қаралмаған жалақыны сұрап отыр. Сондықтан бұл жерде заңға сәйкес шаралар қабылданады", - деді аймақ басшысы.Кеше Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында жүздеген жұмысшы наразылық акциясына шыққаны хабарланды. "KKC-Sicim" ЖШС жұмысшылары жалақыны 50 процентке көтеруді талап етіп отыр.
https://sputnik.kz/20230116/aqsayda-zhumysshylar-narazylyqqa-shyqty-31155224.html
италия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/10/31154939_0:304:838:933_1920x0_80_0_0_7aa948f4214c9f2dea67b4bc807186f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наразылық, италия
Ақсайдағы наразылық: жұмысшылармен кездесуге Италиядан басшы келеді
17:30 17.01.2023 (жаңартылды: 17:31 17.01.2023) АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Ақсайда наразылыққа шыққан "KKC-Sicim" ЖШС жұмысшыларымен кездесуге Италиядан компанияның ең үлкен басшысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Әкімнің айтуынша, аталған компанияда 3 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Төреғалиевтің пікірінше, жұмысшылардың талаптары орынсыз.
"Мен олардың талаптары орынсыз деп есептеймін. Себебі олардың екі ортада ұжымдық келісімшарты бар. Оның сыртында әрбірімен, жұмыс беруші мен жұмысшының арасында жеке келісімшарттар бар. Сондықтан сол келісімшарттарда қаралған міндеттемелерде жалақыны 50 немесе 100 пайыз көтеру деген жоқ. Қысқаша айтқанда, олардың келісімшартында айлықты 20 пайыз көтеру мәселесі айтылған. Сондықтан мен сол міндеттемелерге сүйеніп айтып отырмын", - деді облыс әкімі үкімет кулуарында.
Ол компания қызметкерлерінің орташа жалақысы 280 мың теңге шамасында екенін атап өтті.
Сондай-ақ Төреғалиевтің сөзінше, жұмысшылармен кездесуге Италиядан компанияның ең үлкен басшысы келеді.
"Ертең кешке компанияның ең үлкен басшысы Италиядан келеді. Сол келген соң жұмысшылармен тағы кездеседі. Заң талаптары бойынша олар жұмысқа баруы керек қой. Олар жұмысқа қазір барған жоқ. Себебі өздерінің келісімшартында қаралмаған жалақыны сұрап отыр. Сондықтан бұл жерде заңға сәйкес шаралар қабылданады", - деді аймақ басшысы.
Кеше Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында жүздеген жұмысшы наразылық акциясына шыққаны хабарланды. "KKC-Sicim" ЖШС жұмысшылары жалақыны 50 процентке көтеруді талап етіп отыр.