https://sputnik.kz/20230116/aqsayda-zhumysshylar-narazylyqqa-shyqty-31155224.html
Ақсайда жұмысшылар наразылыққа шықты
Ақсайда жұмысшылар наразылыққа шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жүздеген жұмысшы наразылық акциясы шығып, жалақыны көтеруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik... 16.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-16T14:30+0500
2023-01-16T14:30+0500
2023-01-16T14:39+0500
оқиға
ақсай шатқалы
жұмысшылар
наразылық
https://sputnik.kz/img/07e7/01/10/31154939_0:383:838:854_1920x0_80_0_0_6b615b420e5d1066aea5b3e3d3935492.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жүздеген жұмысшы наразылық акциясы шығып, жалақыны көтеруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Әлеуметтік желіде қызыл киім киген жұмысшылардың видеосы тарап жатыр. Барлығы: "Елу! Елу!", - деп айқайлап тұр. Видео Ақсай қаласына жақын жерде түсірілген. Бүгін "KKC-Sicim" ЖШС жұмысшылары таңғы уақытта жиналып, жұмысқа шығудан бас тартты. Негізгі талабы – жалақыны 50 процентке көтеру. "Уральская неделя" порталы таратқан мәліметке сәйкес, компания жұмысшылары вахтамен 28 күн жұмыс істеп, екі апта демалады. Ай сайын 250 мың алады. "Бізге қазіргі жалақы ештеңеге жетпейді. Азық-түлік те, киім-кешек те қымбаттап жатыр. Ал жалақы сол күйінде қалды", - дейді жұмысшылар. Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі Sputnik Қазақстанға ұсынған ақпаратқа сәйкес, наразылыққа, шамамен, 500 адам шыққан. Биыл ақпан айынан бастап жалақыны 20 процентке көтеру жоспары болған. Бірақ жұмысшылар оны 50 процентке арттыруды талап етіп отыр. Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары, аудандағы прокурорлар мен еңбек инспекциясының басшысы аттанды. Бөрілі ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұловтың айтуынша, жұмысшыларға алдымен заңның талаптары түсіндірілді. Оған сәйкес, бес күн бұрын жергілікті атқарушы органдарға митингті өткізу туралы ескерту берілуі қажет. "Ал заңсыз митингтер, ереуілдер мен наразылықтарды ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Жағдай тұрақты".
ақсай шатқалы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/10/31154939_0:304:838:933_1920x0_80_0_0_7aa948f4214c9f2dea67b4bc807186f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақсай шатқалы, жұмысшылар, наразылық
ақсай шатқалы, жұмысшылар, наразылық
Ақсайда жұмысшылар наразылыққа шықты
14:30 16.01.2023 (жаңартылды: 14:39 16.01.2023) АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жүздеген жұмысшы наразылық акциясы шығып, жалақыны көтеруді талап етті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде қызыл киім киген жұмысшылардың
видеосы тарап жатыр. Барлығы: "Елу! Елу!", - деп айқайлап тұр. Видео Ақсай қаласына жақын жерде түсірілген.
Бүгін "KKC-Sicim" ЖШС жұмысшылары таңғы уақытта жиналып, жұмысқа шығудан бас тартты. Негізгі талабы – жалақыны 50 процентке көтеру.
"Уральская неделя" порталы таратқан мәліметке сәйкес, компания жұмысшылары вахтамен 28 күн жұмыс істеп, екі апта демалады. Ай сайын 250 мың алады.
"Бізге қазіргі жалақы ештеңеге жетпейді. Азық-түлік те, киім-кешек те қымбаттап жатыр. Ал жалақы сол күйінде қалды", - дейді жұмысшылар.
Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі
Sputnik Қазақстанға ұсынған ақпаратқа сәйкес, наразылыққа, шамамен, 500 адам шыққан. Биыл ақпан айынан бастап жалақыны 20 процентке көтеру жоспары болған. Бірақ жұмысшылар оны 50 процентке арттыруды талап етіп отыр.
Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары, аудандағы прокурорлар мен еңбек инспекциясының басшысы аттанды. Бөрілі ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұловтың айтуынша, жұмысшыларға алдымен заңның талаптары түсіндірілді.
Оған сәйкес, бес күн бұрын жергілікті атқарушы органдарға митингті өткізу туралы ескерту берілуі қажет.
"Ал заңсыз митингтер, ереуілдер мен наразылықтарды ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Жағдай тұрақты".