Қоғам

Нұрлан Мәсімовке қатысты тағы екі іс қозғалды

© Photo : Пресс-служба КНБ РКНұрлан Мәсімов
Нұрлан Мәсімов - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2023
Жазылу
Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін айыпталды
АЛМАТЫ, 16 қаңтар - Sputnik. Павлодар мамандандырылған әкімшілік соты өңірдің полиция ведомствосының экс-бастығы Нұрлан Мәсімовке қатысты істі қарап жатыр, деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сотталушының үстінен "бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және тиімсіз пайдалану" бабы бойынша тағы екі іс қозғалды. Онда бюджет заңнамасын бұзуға жол берген мемлекеттік органдардың басшылары үшін 100 АЕК (435 000 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделген.
Сотта қарау күні әлі анықталған жоқ. Бұған дейін Sputnik Қазақстан Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Нұрлан Мәсімовке, оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовке және кәсіпкер Евгений Евковичке қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өткенін хабарлаған болатын.
Бұрынғы полицейлерге "аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін" және "сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету" баптары бойынша айып тағылған болатын. Кәсіпкерге "аса ірі мөлшердегі параға жәрдемдесу" бабы бойынша айыпталып, ал Мәсімовке "Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бабы бойынша да айып тағылып отыр. Алайда сот көптеген заңбұзушылыққа байланысты істі облыс прокурорына қайта жіберді.
"Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бұзылған. Атап айтқанда, қылмыс жасаған орындаушы мен ұйымдастырушының рөлі анықталмаған. Сотталушылардың қандай қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке залал келтіргені белгісіз", - делінген соттың баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ айыптау актісінде ұрлықтың қандай сомаға жасалғаны және залал келтірілгені белгісіз. Бұл заңбұзушылықтар негізгі сот тағайындауына кедергі келтірген.
"Қылмыстық іс Павлодар облысының бас прокурорына соттың тағайындауына кедергі келтіретін тергеу ісіндегі кемшіліктерді жою үшін қайтарылды", - деді сотта.
Кәрім Мәсімов   - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2023
Мәсімов жергілікті басшыларға қандай тапсырма берді
Жаңалықтар
0