https://sputnik.kz/20230115/qazaqstanda-piyaz-qymbattauy-mumkin-31130944.html
Қазақстанда пияз қымбаттауы мүмкін
Қазақстанда пияз қымбаттауы мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстандағы сауда желілерінің өкілдері пияз бағасы маусымаралық кезеңде қатты қымбаттағанын хабарлады. Бұл туралы сауда және... 15.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-15T14:31+0500
2023-01-15T14:31+0500
2023-01-15T14:45+0500
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28175176_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_22b9bfe8dc220362f1f5f986058aab91.jpg
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстандағы сауда желілерінің өкілдері пияз бағасы маусымаралық кезеңде қатты қымбаттағанын хабарлады. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды. Жиын соңында ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге халықтың сұранысын толық қанағаттандыру және бағаны ұстап тұру үшін пияздың қажетті нақты қорын сараптау тапсырылды. Талдау қорытындысы маусымаралық кезеңде пияз тапшылығы қаупін көрсетсе, ішкі нарықты қорғау шаралары алдын ала қолға алынатыны айтылды. Отырыс премьер-министр Әлихан Смайыловтың азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің бағасын ұстап тұру қажеттігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылды.
https://sputnik.kz/20210908/piyaz-jeuge-bolmaidy-18071759.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28175176_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_38caa778487ac467fc584b9b83136ab1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан
Қазақстанда пияз қымбаттауы мүмкін
14:31 15.01.2023 (жаңартылды: 14:45 15.01.2023) АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстандағы сауда желілерінің өкілдері пияз бағасы маусымаралық кезеңде қатты қымбаттағанын хабарлады. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды.
"Жиынға қатысушылар сыртқы нарықта пиязға сұраныстың артуы факторларын, көкөніс қоймаларының көкөністің осы түрін сақтау мүмкіндіктерін, сондай-ақ көрші елдерде ерте өнім жинау болжамын қарастырды", - деп жазылған хабарламада.
Жиын соңында ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге халықтың сұранысын толық қанағаттандыру және бағаны ұстап тұру үшін пияздың қажетті нақты қорын сараптау тапсырылды.
Талдау қорытындысы маусымаралық кезеңде пияз тапшылығы қаупін көрсетсе, ішкі нарықты қорғау шаралары алдын ала қолға алынатыны айтылды.
Отырыс премьер-министр Әлихан Смайыловтың азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің бағасын ұстап тұру қажеттігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылды.