Денсаулық

Нутрициолог кімдерге пияз жеуге болмайтынын айтты

© Photo : СС0 / klimkinЛук
Лук - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
Пияз кей адам үшін зиянды болса, өзгелер үшін пайдалы болуы мүмкін. Өйткені оның құрамында С, В дәрумендерінен бөлек антиоксидант сынды қызмет ететін флавоноидтер бар

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек — Sputnik. Диетолог дәрігер, нутрициолог және Канада диетологтар қауымдастығының мүшесі Наталья Нефедова Sputnik радиосына берген сұхбатында кімдерге пияз жеуге болмайтынын түсіндірді.

Кімге пияз жеуге болмайды

Диетолог ағзасы пиязға төзімді емес адамдарға бұл өнімнен бас тартуға кеңес берді. Ушыққан ішек синдромы, гастрит, қыжыл жиі болатындар да пияз жемегені дұрыс. 

Пияз пайдасы

Өзінің ерекше химиялық құрамының арқасында түйінді пияз ағзадағы қабыну процесін басады. Бұдан бөлек, кейбір сырқатқа шалдыққандар үшін пайдалы.

Сондай-ақ дәрумен, минералдар, жасұнық пен фито заттарға бай, деді дәрігер.

"Пияз құрамында С, В дәрумендерінен бөлек антиоксидант сынды қызмет ететін флавоноидтер бар. Олар жүрек-қантамыр сырқаты, диабет, онкология сырқаттары мен ағзадағы қабыну үрдісін бәсеңдетеді. Бұған қоса, пияз иммунитетке оң әсер етеді", - деді Нефедова.

Ал пияздың дәмі тұзды аз қолдануға мүмкіндік береді. 

"Алайда кейін иіс болады. Бірақ ол иіс ауыздан емес, теріден сезіледі. Өйткені ағзадағы заттар терідегі ұсақ тесіктер арқылы шығады", - деді нутрициолог.

Жаңалықтар
0