Астанадан сенатқа екі депутат сайланады – мәслихаттың қарауына алты кандидат шығарылды

© Sputnik / Болат ШайхиновПарламент ғимараты
Парламент ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Астанада сенат сайлауы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң бойынша сенат депутаттарын мәслихат депутаттары сайлайды. Осыған байланысты алдымен таңдаушылардың отырысы өтті. Сол жерде дауыс беру тәртібі таныстырылды.
Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісованың айтуынша, бұған дейін сенатор Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын. Оның орнына бір депутат сайланады. Бұдан бөлек, бүгінге белгіленген сайлау аясында тағы бір адам Астананың атынан сенатқа өтеді. Барлығы үш кандидат тіркелген.
Шығып қалған депутаттың орнына таласатын кандидаттар:
Табиғат Зейнұлқабден, 1974 жылы туған, "Астана су арнасы" мекемесінің басшысы;
Сайранбек Әбілқайыр, 1986 жылы туған, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің директоры ;
Андрей Лукин, 1961 жылы туған, экс-сенатор.
Астана қаласынан сайланатын тағы бір депутаттың орнына:
Наримаш Мұхамбеталина, 1961 жылы туған, Бейбітшілік және келісім сарайының басқарушысы, өзін-өзі ұсынды;
Бағдат Азбаев, 1974 жылы туған, "Астана-Теплотранзит" АҚ басқарма төрағасы, өзін-өзі ұсынды;
Бибігүл Жексенбай, Парламент сенаты төрағасының кеңесшісі, өзін-өзі ұсынды.
Здание Центральной избирательной комиссии Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2023
Орталық сайлау комиссиясы сенат сайлауын онлайн бақылауға шақырды
Жаңалықтар
0