Орталық сайлау комиссиясы сенат сайлауын онлайн бақылауға шақырды

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание Центральной избирательной комиссии Казахстана
Здание Центральной избирательной комиссии Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Бүгін Қазақстан парламенті сенатының сайлауы өтеді. Барлық облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 20 депутат сайланады.
Парламент сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар – мәслихат депутаттары сайлайды, деп хабарлады орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірінде Астана уақыты бойынша сағат 11.00-де басталатын таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі.
Парламент сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болып отыр.
Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.
Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында дауыс беру күні онлайн бақылау сервистері жұмыс істейді. Сағат 10.00 - 11.00 аралығында таңдаушылар тіркеледі. Дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығару барысын да бақылауға болады. Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ОСК телеграм каналында жарияланады.
Жаңалықтар
0