Елорда тынысы

Астанадан екі миллион текше метрге жуық қар шығарылды

© Photo : Пресс-служба акима АстаныҚар тазалау жұмыстары
Қар тазалау жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Астанада соңғы күндері жауған қалың қарға қарамастан, елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Қыс мезгілі басталғалы қаладан 1,9 миллион текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
© Photo : Пресс-служба акима АстаныҚар тазалау жұмыстары
Уборка снега в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2023
Қар тазалау жұмыстары
Сенбі күні таңертеңнен бері қаладағы қар тазалау жұмыстарына 2 мыңнан астам жол қызметкері мен 1200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.
Өткен түнде қаладан 42 мың текше метрден астам қар шығарылып, ол үшін полигондарға 3038 рейс жасалды.
© Photo : Пресс-служба акима АстаныҚар тазалау жұмыстары
Уборка снега в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2023
Қар тазалау жұмыстары
Жалпы, қысқы мезгілі басталғалы бері қар полигондарына 1,9 миллион текше метрден астам қар жеткізілді. Бұл 152 748 ауыр жүк көлігінің көлеміне тең.
Сондай-ақ, тұрғындардың ыңғайлы жүріп-тұруы үшін қаладағы көлік жолдары мен тротуарларға жүйелі түрде құм-тұз қоспалары төгіліп жатыр.
Алматы облысында 80 бала мінген автобус қар құрсауында қалды о - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2023
Алматы облысында 80 бала мінген автобус қар құрсауында қалды
Жаңалықтар
0