Алматы облысында 80 бала мінген автобус қар құрсауында қалды

© PhotoАлматы облысында 80 бала мінген автобус қар құрсауында қалды о
Алматы облысында 80 бала мінген автобус қар құрсауында қалды о - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Талғар ауданында құтқарушылар мен жол қызметінің қызметкерлері көктайғақта жолда қалған мектеп автобусын шығаруға көмектесті, деп хабарлайды Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
© PhotoАлматы облысында балалар мінген автобус қар құрсауында қалды
Алматы облысында балалар мінген автобус қар құрсауында қалды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2023
Алматы облысында балалар мінген автобус қар құрсауында қалды
9 қаңтар күні сағат 11:20-да облыстық төтенше жағдайлар департаментінің пультіне Талғар ауданында 79 бала мінген автобус жол шетіне шығып кетіп, айналма жолдың маңында тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті мен жол қызметінің қызметкерлері жетті.
"Талғар ауданының жол ұйымының күштері малтығып қалған автобусты эвакуациялады, зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
3 қаңтардан бастап балалар жетекшілерімен бірге таулы спорттық-сауықтыру кешенінде бизнес оқуда болған.
Жаңалықтар
0